Қазақша сөйлеген Майк Вазовский немесе Монстрлар университеті
блог
Монстрлар туралы мультфильмнің кішкентай бүлдіршіндердің сүйікті мультфилміне айналғалы қашан...Міне, енді сүйікті мультигіміз қазақ тілінде сөйлеп жатқаны қуантты. Қазақша аударма дегенге алдында "қап" дегендей болғам... Мультфильмге кіріп кеткенім сонша аударманың қазақша аудармасынан қателік байқамадым. Тек бір-екі жердікі тым дөрекі аудырылған демесең....
Тіпті мультфильмді көріп отырып кейіпкерлердің құбыжықтар екенін де ұмытып кетесің. Мультфильмнің қалай жасалғанын оқып отырып түсірушілер өз мақсаттарын жақсы орындағандары байқалып тұр. "Құбыжықтар қалай болады?" деген сұрақтың өзіне сүйкімді құбыжықтың мың түрін де ұсынып тастаған сияқты. Біз құбыжықтар деген де тек жаман ой мен қорқынышымыз есімізге түседі. Ал олардың да өз әлемі бар екеніне еш ойланбаймыз ғой. Олардың да өз арманы өз мақсаты барына Пиксар біраз ой тастады бізге.
Монстрлар университетінде жалғыз көзді Майк Вазовский мен Саллидің қалай танысып, қалай дос болғандарын баян етеді. Екеуі бір-бірінің жартысы сияқты.Мультфильм желісі кез-келген американдық фильм сияқты "өз мативацияңды жасап, соған қарай арманыңа ұмтыл" деген ұранға сай түсірілген. Міндетті түрде әлсіздер мықты болып, жеңіске жетіп жатады. Мүмкін өмірде де сондай шығар...
Мультфильмде ең ұнаған бейне Декан Хардкраббл болды, қаталдығы, қорқымыштылығы бәрі күшті көрсетілген. Лидия апайымыздың дыбыстауы қатты ұнады, рөлге кіріп керемет дыбыстаған.
Үйдегі кішкентайларды, достарыңызды апарып, көңілін көтеріп, күлдіріп қуандырып қайтамын десеңіз мультфильмге баруға кеңес берем. Өте көңілді. Бастысы қазақшасына барыңыз, аударма сапалы!