Қазақша дубляж кімге керек?

Бұрын армандаушы едік: шіркін, кинотеатрға келгенде қазақшаға кәсіби дубляждалған фильмдердік көрсек деп... Кейін бұл арманымыз да орындалды. Кинотеатрларда әр көрсетілген фильмді қазақ тілінде тамашалай алмасақ та, әр жылда бір-екі фильмді қазақша тәржімалаған күйінде көруге мүмкіндік алдық... Ал әрі қарай не болды?

Былтыр қазақша дубляждалған фильмдер прайм-таймда жоқ деп біраз дау шығып, тіпті Мұрат Әбеновтың арқасында депутаттық сауалнама ретінде де көтерілді. Алайда, компания жауабы, мәселе прайм-таймда емес, жалпы қазақ тілді адамдардың кино көруіне қызықпауында деген сарында болды.

Бірақ, байқауымызша, осы жылы да прайм-тайм мәселесі қайта көтеріліп, алдыңғы жылдары көрсетілген «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Жаңа өрмекші адам», «Батыл жүрек»-тердің күйін кешті.


Қазақша аударылғанмен фильмдер шыққан шығынды ақтамай жатыр деп компания басшылары да қарсы жауап қайтарған болатын. Бірақ, шыны керек, прайм-тайм мәселесі мен адамдардың киноға бару үрдісі бір жерден шықпай жатқанын басқасы емес, біз жақсы түсінетін тәріздіміз. Оған мына суреттер дәлел:

Бірнеше адамға, оның ішінде отбасылы, кішкентай балалары бар және басы бостарына да мынадай сауалнама жолдап көрдім: «Осы жылы Голливуд фильмдері "Монстрлар университеті" мен "Жалғыз рейнджер" қазақшаға дубляждалғанын білдіңіз бе? Білсеңіз, неге бармадыңыз?»

Жауаптар төмендегідей болды:

Айжан ТАБАРАК (12:39) :

"Монстрлар университетi" қазақша дубляждалғанын естiгем. Сол қызықтырмады, әйтпесе барар едим.

Жако Жумагали (12:43) :

Иа бiлдiм, массагеттен Айконаның рецензияларын оқу арқылы бiлдiм. Бармаған себебiм, бiздiң ауданда кинотеатр жоқ)

Арай (12:48) :

Білдім. Барғым келді, қызығушылық танытқандар болмады қасымда. Жалгыз қызық емес.

Altynka Isabaeva (12:45) :

Білмедім, білсем барар едим

ASSIYA (12:46) :

білмедім

Aйбек Бауыржан (12:38) :

Голливуд фильмдерінде ар ұят деген жоқ, сосын бүкіл әлемнің құтқарушысы Жаратқан Алла емес ақштың бір ғана адамы ғана, тақырыптарын ауыстырғанымен ойы бір. сол себепті голливуд филімін коргім кемейді.

Айгерім (12:52) :

Біріншіден, менің қызым ертегі мультиктерін ұнатып көреді, монстрларға әлі жетпедік. Фильмді де әлі көріп жүрген жоқ. Көретіні русалка, ну погоди мен маша және принцесса туралы мультиктер. Сондықтан монстр жане оның қазақша дубляждалғанын білмедім. Өйткені ондай жанрға әлі жасымыз жете қоймады. Қыз бала болған соң ба.

Anarka (12:53) :

әйтпесе апарар ма едің?

Айгерім (12:54) :

Иә. Үлкендеу болса жане ер бала болса апарар едім. Мен болмасам да жолдасым апарар еді. Ол қызы «замок» деп мультиктегіні айтса ол «замок» емес, «қамал» деп түзетіп отырады.

Аида (12:52) :

Білдім, бірақ уақыт, ақша болмады. Билеттер де жылдан жылға тым қымбат қой. Қазақша көрсетсе, оны 50 пайыз төмен бағамен көрсетсе, орыстардың өзі жүгірер еді деген ойдамын)))))

ICONIC boy (15:11) :
Қазақшасына бармаған себебім, онша күлкілі болмайтын сияқты. "Жалғыз рейнджер" боевик фильм, сол бебепті бармадым ) Тачки 2 "Көліктер 2" деп те қазақ тілінде аударылды, онша қызық болған жоқ. КСРО заманынан бері  шетел фильмдерін орыс тілінде болып келе жатыр, сол да болар бәлкім құлағымыз үйреніп қалған ) енді әрі қарай қазақ тілінде аударыла берсе соған да үйреніп қалармыз.

ЖАНАЙ-КЕРIМ САРИНА (13:06) :

иә, қазақша дубляждалғанын жуырда шыққанда  ғана білдім. Қостанайда өзге ұлт өкілдері көп болғасын қазақша дубляждалған фильмдерді көрсете бермейді. Ғашық жүрек фильмі шыққанда да бізде көрсетпеген. Өкінішке қарай, бізде "Қазақстандық және қазақша фильмдерге Қостанайлықтар бармайды" деген стереотип қалыптасып қалған. Сол себепті біздегі кинотеатрлар зал жинай алмайтын болғасын, ол фильмдерді прокатқа алмайды. Барлығы қаражатқа байланысты болғасын ол да дұрыс та шығар. Қазақша фильм көргісі келетін жастар да көп емес. Ал негізі бізге келсе, өз басым барар едім. Қалай аударылып, дубляждалғанын көру мақсатында. Осылай, осылай Қазақстандық кино индустриясы дами түседі ғой. "Болар баланың бетін қақпа, белін бу" дегендей. Өзіміздің қаракөздер жасап жатқан еңбекті қазақтар ғана қолдамаса, басқа ешкім демемесі анық!

Осы жылы көрсетілген «Құбыжықтар уни­вер­ситетi» мультфильмі мен «Жалғыз рейнджер» вестерні «Болашақ» қауымдастығы және «Нұр Отан» ха­лық­тық-демократиялық партия­сы мен «Самұрық-Қазына» қоры қолдауы арқылы қазақшаға дубляждалып отыр. Және кейіпкерлерді Қазақстанның танымал актерлері мен актрисалары дыбыстаған болатын.


Қазақ тілі мен тағдырын күйттегенде алдымызға жан салмаймыз. Бірақ осындай іс-шараларға келгенде тартыншақтап қалатынымыз бар. Бір жағынан жарнаманың да аздығы болар. Бұқара халық қазақша фильмдер мен мультфильмдердің қазақшаға аударылып жатқанынан бейхабар болғандықтан да кинотеатрға ағылмай ма деп қаласың. Ал, барған жағдайда да қазақша сеанс бітіп кеткенін байқайды. Осылай мәселелер бір шеңберде айналып жатқанда қазақша аударылған фильмдер өзін ақтамайды деген сылтаумен киноларды орысша көріп жүре бермекпіз... 



Бөлісу: