Қазақша "А" әріпінен басталатын қыз балалардың есімдері

Қазақша "А" әріпінен басталатын қыз балалардың есімдері
жеке
блог

АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.
АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.
АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.
АЗА - тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.
АИДА - араб тілінен — пайда, сый.
АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.
АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.
АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.
АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі. АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.
АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.
АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала.
АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем.
АЙДАНА – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым.
АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған дәриа - теңіз, үлкен өзен.
АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.
АЙЖАН – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.
АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.
АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі. АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.
АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.
АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем.
АЙМАН – қазақ тілінен— белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.
АЙМИРА – жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.
АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.
АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.
АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.
АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.
АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған. АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.
АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.
АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.
АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.
АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім. АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
АЙЫМГҮЛ - менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМША - ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.
АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.
АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала.
АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.
АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.
АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.
АҚЖІБЕК - Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.
АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.
АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ + тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.
АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.
АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.
АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.
АЗА - тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.
АИДА - араб тілінен — пайда, сый.
АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.
АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.
АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.
АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.