Қазақсандағы өндіріс
блог
Тәуелсіздігімізді алғанымызға 20 жылдан асса да бізде әлі күнге дейін мемлекеттің дамуын жоғарғы деңгейге шығаратын маңызды салалары дамымаған.Алыс-жақын шетел елдерің мысал ретінде алуға болады.Себебі біз олармен бәсекелесіп өз нарығымызды жоғарғы деңгейге шағара аламыз.
Олар тәуелсіздігін алғанына бірталай жылдар өтті,олармен салыстырмандар-дейді кейбір басшылар.Ол дұрыс емес,себебі әлем елдерімен терезесі тең нағыз мықты мемлекетте ешқандай сылтау болмау керек.Азия мемлекеттерінің ең дамыған елі Жапония оған нағыз мысал.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ауыр жағдайда болған олар қазір нағыз өнеркәсіп ордасы.Оған бірден-бір дәлел ел ордамыз Астана қаласындағы қаптап жүрген Toyota мен Lexus автокөліктері.
Бізге де міндетті түрде осындай өндіріс салаларын дамыту керек.Осындай салаларға миллиондап ақша құйылып жатыр,бірақ нәтижесі ойдағыдай емес.Тіпті,соңғы Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәләметтері бойынша Қазақстанда өзіміздің өнеркәсібіміз дамымауда.Жиырма жылдан астам біздің отандық бизнес тек алып-сатудан басқа еш нәрсе көрсетпеуде.Неге?Себебі ешкім қатер мен тәуекелге барып,өндіріс индустриясын қолға алғысы келмейді.Әрине бұл рискі өте жоғары іс,бұл іспен айналысқан адам-оған өз уақыты мен қаржысын,одан бөлек өз жанын салады.Бірақ кіріс келетініне ешкім кепілдік бермейді.Басқа елдердегі өнеркәсіп бастаған адамдар сияқты рисктен басқа қазақстандықтар өнеркәсіп бастап,өз ойлап тапқан тауар брэндтерін шығаруды қиындататын басқада жағдайлармен соқтығысады.
Бірінші соқтығысатын проблема-ақша.Мамандардын айтуы бойыншы ең шағын шекілдеуік немесе кәмпит сыртын жасау үшін ашылатын өнеркәсіп ашу үшін кем дегенде 10000 АҚШ доллары қажет.Ал одан ірілері қомақты сомма қажет етеді.Сондықтан да кәсіпкерлерге банктерге жүгінуден басқа мүмкіндік қалмайды.Жаңа өнеркәсіп орнын ашуға кедергі болатын негізгі проблема-банктердегі үлкен пайыз мөлшері.Ал басқада көмек беретін кәсіпкерлер орталығы өздерінің бюрократиясымен жаңа өнеркәсіп орнының мүмкіндігін жояды.Осыған қарамастан өз өндірісін бастаған батыл азаматтар бар.Олар өз қаражатына бастаған,сондықтанда әкелінген қондырғылардың көбі Қытай мемлекетінен.Себебі Қытай ең арзан қондырғылар мекені.Егер кәсіпкер шетелелден шикізаттарды әкеліп отырса,онда тағы бір проблема.Себебі ол әрқашан кеденде шикізатын өткізіп отыру үшін тағы уақытпен қаражат жұмсайды.
Осындай қиындықтардан өтсе де кәсіпкерді екінші күрделі проблема күтуде,ол-коммисия.Әрине,тексеріс ол дұрыс.Бірақ өндірісті жіберуге рұқсат беретін қағаздар дайын болғанша тағы жарты жыл кетеді.
Үшінші проблема-маркетингтік мафия.Бұл термин кәсіпкерлер арасында кеңінен таралған.Өз тауарынды үлкен дүкендерге қою үшін басшыларына ақша беру керек.Сол себепті де мафия деп аталынады.Бірақ технологиялар заманы болғандықтан жақсы маман тауып интернет арқылы да тауарды жарнамалауға болады.Ерінбегенге осы проблемалардын барлығын шешуге болады.
Ал енді ең басты проблема-кәсіпкердің психолиалық комлексі. Кәсіпкерлер ірі шетел өнімдерімен бәсекелестіктен қорқады.Шынында өз тұтынушыларын табу қиын емес.Тек қана қол жетімді және сапалы тауармен қамтамасыз ету қажет.
Осылардан бөлек көңіл күйімізді түсіретін тағы бір жағдай – өзіміздің жас,әрі таллантты инженерлеріміздің өз отанына оралмауы.Олар келсе өндіріске жаңа серпін берер еді.Жаңа технологиялық прогресс әрқашанда өнеркәсіптің дамуына септігін тигізеді.Ол үшін мемлекетке талантты инженерлер өз құрылғыларын жинай алатын жақсы бір қондырғылармен жабдықталған орталық қажет.
Бірақ осы проблемалардан басқа бізде шетел азаматтарына жақсы таныс өндіріс бастаудын жақсы жақтары да бар.Бізде Европаға қарағанда бәсекелестік аз,Ресейге қарағанда салық мөлшері 6пайызға төмен.Одан бөлек басқада жақсы жақтар бар.Мысалы:Қазақстанда өте сыпайы тұтынушылар.Тұтынушыны қорғау заңы сирек қолданылады.Европада бұл жағдай қиындау.Тұтынушыға тауар ұнамаса қайтара салады немесе сотқа шағымданады.
Осындай қиын пробеламаларды шешіп,өз өндірісін дамыту үшін кәсіпкерлеріне мүмкіндік жасаған,қазір алпауыт елге айнаған Жапониядан үлгі алу керек.