Қазақпыз ғой
жеке
блог
блог
"Қазақпыз ғой" деген сөз бар, арамызда мас қылған,
Уақытылы жүруді де қазақ халқы жат қылған.
Шақырса егер тума - туыс, дос - жаран,
Қазақ, шіркін, кештеу келген басқадан.
Көре алмау бойында бар қазақтың,
Ұлы елім бұл мінезді босатқын.
Керісінше көтермеле Алашты,
Сонда ғана осы әдеттен азатсың.
Бетке ұстар мінез де бар халқымда,
Қонақ қылған жақынын да, жатын да.
Әр пендені құшақ жая қарсы алған,
Қонақжай ғой біздің халық расында.