Жердің жүзін дәл тауып,
Ешбір дін жоқ орныққан.
Бәрінде де бар қауіп,
Дін көбейді сондықтан.
(Ш. Құдайбердиев)
Әр халық мемлекет болып қалыптасқаннан кейін дінімен тілінің жойылмай, ата-дәстүрін сақтау арқылы дамуын ең басты орынға қояды. Осы күнде дінге қатысты біраз шиеленістер мен дау-дамайлар белең алып бара жатқаны жасырын емес. Оның басты себебі, әлемдік діндердің өзара тармақтарға бөлініп, өзгеше ағымдардың пайда болуы. Адам қанша жерден діндар, тақуа болса да оған ең алдымен иман керек. Бұған Абай Құнанбаевтың: «Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды», – деген сөзі дәлел. Қожа Ахмет Иасауи бабамыз да: «Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзетуге болады», – деп, иманды алғашқы орынға қояды. Иманы, ары, адамгершілігі бар адам ешқашан да опасыздық жасамақ емес. Отанды сүю шынайы иманнан көрініс табады. Имансыз адам Отанның қадір-қасиетін де, маңызын да білмей өтеді.
Ислам діні қазақ даласында ең алғаш Қарахан мемлекеті мемлекеттік дін деп жариялағаннан кейін тарай бастады. Содан бастап ұлан байтақ атырапта ислам діні ұстаным болып келеді. Ислам сөзі «бейбітшілік, мойынсұну» деген мағынаны білдіреді. Қызыл империя салған 70 жылдық зобалаңнан кейін, атеистік көзқарастардан бізді дін мен дәстүрдің сабақтастығы алып шықты. Әсіресе, қазақ елі үшін салт-сана, тіл мен дінді насихаттауда алаш зиялыларының ықпалы зор болды. Қылышынан қан тамған Ресейдің саясаты жүріп тұрған заманда дәл сондай азаматтардың болуы қажет еді. Бүтін бір елді боданына айналды¬руды көздеген отаршыл үкімет халқымыздың дәстүрлі діні мен мәдениетіне ауыз сала бастады. Қазақ даласында және Түркістан өлкесінде миссионерлік жолды басты қару етіп, шоқындыру, орыстандыру әрекеттерін жүзеге асыруды көздеген-ді. Олар мұ¬сыл¬мандық мектептерді, медреселерді жауып, орнына аралас қазақ-орыс мектептерін ашуға үлкен күш салды. Кеңес жиналысы кезінде мемлекеттік думада Б. Қаратаев: «…Кішкентай қырғыз-қазақ ордасындағы қазақтар 1731 жылында Россияға қарауды қабылдады. Еш шүбәсіз ол кездерде олар шын иманды мұсылман еді. Соның үшін олар Россияға қарауларын мұсылман ша¬риғаты бойынша Құранды сүйіп бекітті. Императрица екінші Ека¬тери¬наның заманында 1775 жылда Орын¬борға қараған мұсылмандар үшін мүфтидің қол астындағы Орынбор духовный собраниясы ашылған кезде бұл жақтағы қырғыз-қазақтар да оған қарайтын болды. Бұл мезгілде императрицаның бұйрығыменен Орын¬¬бор мен Троицкіде мешіт салын-ды. Императрица Екатеринаның қазақ¬¬тарды Орынбор духовный собраниясына қаратудағы басты мақсаты қазақ даласында ислам дінін тарату емес еді. Неге десеңіз, қазақтар онсыз да мұсылман еді. 1860 жылы Орын¬бордың пограничный управлениясында, соңынан Қазанның бұратана школын басқарушы миссионер чинов¬ник Ильминский деген шықты. Бұл адам: – Қазақтар мұсылман емес, «Шаманный» деген дінсіз халық. Оларды проваславныйға айналдыру бек оңай, – деп хүкіметті осы сөзімен нандырғысы келді. Мінеки осындай халдер хүкі¬меттің 1860 жылдардан бастап қа¬зақ¬тарды орыстарға бейімдетудің себебінен болса керек. Бұл әншейін елеусіз хал емес. Өз жерлерінде діни ғылымын оқуға болмайтын болған соң, қазақ жігіттері қазірде, Бұқара, Хиуа, Орынбор, Бейрут, Медине, Стамбол, Қазан, Мысыр сықылды зор шәһәрлерге таралып кетіп оқи бас¬тады. Оқып, оқу бітіріп қайтқан соң, жасырын мектеп-медресенің санын көбейте бастады. Осы қалпы әлі де күш алмақта», – деп, баяндама жасағаны баршамызға аян. Алаш зиялыларының басты қорқынышы дінсіздік еді. Кеңес өкіметі билік құрағаннан бастап, ме¬шіттер, медреселер жойылды. Молдалар мен имамдар қуыла бастады. Ол туралы Әлихан Бөкейханов: «Прокламацияға байланысты қазақтың әйгілі игі жақ¬сыларын, молдалары мен жаңаша оқыған мұғалімдерін алғаш рет саяси тұрғыдан тінтіді. Кітаптары, хат-жазбалары тәркіленді. Бірақ, оларды 2-3 жылдан соң азаттық күндерін қайтарып берді. Наурызбай (ел оны құрметтеп, сыпайы атпен Науан дейді) Таласұлы шәкірттерімен бірге жер аударылды» деп жазады. Қазақ даласының небір саңлақтары алдымен ауыл молдаларынан хат танып, сауат ашқаны ақиқат. Одан әрі білімдерін толықтырып, ғылымға ден қойды. Кеңестік саясаттың кең етек алуы қазақ халқының дінсіз болып кетуіне ықпал етті. Атеис¬тік көзқарасты ұстанған азамат¬тар кеңестік уақытта шыға бастады. Қазақ қанша мұсылмандықты ұс¬танса да, атеистік көзқараста болса да дәстүрін ұмытпаған. Дәстүр мен діннің біте қайнасып, қатар жүретінін уақыт әлдеқашан дәлелдеп қойған. Белгілі дінтанушылардың өзі «дін – кеңес үкіметі тұсында дәстүрдің сақ¬талып қалуының арқасында жойылып кетуден аман қалды» деген тұжырымдаманы алға тартады. Сол сияқты, Алаш зиялыларының көптеген еңбектері ағартушылыққа бағытталды. Діни бағытта болсын, ғылыми бағытта болсын қазақ азаматтарының сауатты болып шығуы аса қажет еді. Оған себеп, Ресейдің орыстандыру мен христиандандыру саясаты болғанын тілге тиек еттік. Тілі мен дінінен айырылған халықтың тарих сахнасында аты өшпей қалуы мүмкін емес-ті. Дәл осы себеп үшін де зиялы қауым өкілдері барынша күресіп бақты. Сол кезеңдердің жаршысы саналған қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты», «Қазақ», «Сарыарқа», «Айқап», «Шолпан» сынды газет-журналдардың ел ара¬сында қоғамдық пікірді мыңдаған оқырманға жеткізу барысында айрықша маңыз-дылыққа ие болғаны шындық. Ол туралы «Алаш көсемсөзі: дін мәсе¬лесі» атты кітапта Л. Н. Гумилев атын¬дағы ЕҰУ профессоры Қайрат Сақ: «ХХ ғасырдың басында Қазақ елінің өркендеуі жолында діннің алатын орны туралы Алаш зиялыларының арасында екі жақты көзқарас қалып¬тасты. «Айқап» журналында: «егер, қазақ мемлекеті құрылатын болса, ислам дінінің заңдылықтарына, яғни, «шариғатқа» негізделу керек» деген пікір басымдық танытса, «Қа¬зақ» газетін шығарушылар қазақ мемлекетін Европалық жүйемен бас¬¬қару керек деген пікірде болды. Сөй¬те тұра, олар ата дініміз исламды, салт-дәстүрді халықтың маңыз¬ды рухани құндылығы ретінде көздің қара¬шығындай сақтауды ұстанған. Осы екі идея халық арасында қоғамдық пікір тудырды. Бұл мәселе – бүгінгі күні де өзекті», – деп жазған болатын. Алаш зиялыларының көздеген мақсаттарының ең өзектісі қазақ баласына, еліне жан¬ашыр¬лық таныту, ұлттың еркіндігі мен азаттығын алу, діні, тілі, мәдениетін сақ¬тау екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/add/