Қазақ ұлтының жер бетінен жойылу қауіпі...

Қазақ ұлтының жер бетінен жойылу қауіпі...
жеке
блог

 

Бұл өмірге келген соң пенде біткенді мазалар сан сауалдар бар. Соның ішінде санаңды сан саққа жүгіртетін сауалдар санаулы ғана. Менің жаныма тыным бермеген сауал қара басымның қамы емес, қара қазақтың қамы еді. Ол, ХАЛЫҚ САНЫ. Егемендік алып еңсемізді тіктегенімізге бір шама уақыт болсада, ата-баба аманат еткен иен даланы мекен етер қара көз қара домалақтардың саны көңіл көншітпей отыр. Осы орайда айта кетер болсақ, жер көлемі бойынша алдыңғы ондыққа кірсек, Халық саны бойынша 62 орынды иемденіп тұрмыз. Бұл мазалатар жәйт емеспе? Бұл мәселе төңірегінде сөз қозғалғаныменен, нақты шешімін қарапайым халық түгілі үкімі ұлық Үкіметте шеше алмай отырғаны. Сөйте тұра халық санын арттыру қажет деп «арқаға қамашы» саларына не дерсіз? Бағамдар болсақ дүниеге нәресте әкелген аналарға алғашқы жәрдем ақы не бәрі 70-80 000 теңге көлемінде болса, әр ай сайын 10 000 –ға жетер жетпес қаржы төленеді. Ол жас ананың қай жыртығына жамау, қам көңіліне медеу боларын кім білсін? Қашанда бір жағдаят болса шет елдермен салыстаратын қазақстаннның бұл орайда салы суға кетіп отырғаны. Ойлап қарасақ көрші Ресей федерациясында «Ана капиталы» бағдарламасы бойынша, жас анаға жер үй тарту етіледі. Бір мән беретін жағдай ол елде түсік жасатуға (УЗИ көрсеткіші бойынша кемтар бала немесе зорланған әйелден басқасына) тиым салынған. Демек, халық санын артыру үшін Ресей үкіметі білек сыбана күресуде. Бір өкініштісі Қазақстанда өлім санының артуы, бал туудың күн санап кемуі өмір сүру деңгейінің төмендігінен алдыңғы қатарда келе жатқанымыз жан ауыртар жағдай. Аузымызды айға білеп, құр дабырға салмай бұл тығырықтан шығар жол тапқанымыз жөн. Қытай мен Үндістан мемлекеттері сияқты бізде демографиялық дүмпу жасауымызды мына қоғам қажет етуде. Ол үшін әр қазақ өзінше үлес қосуы шарт. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ, қайырымсыз Үкіметтен қайыр күткен қайыршыдай күйіміз мүшкіл. Есімізді жиып, күш біріктірмесек күні ертең бармақ тістемесімізге кім кепіл?