«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
Әбу Насыр әл-Фараби
Жастар – өмірдің сәні, болашақты жалғастырушылар. Жастық – арман. Бұл – сенім, бұл – ерлікке құштарлық, бұл – лирика, бұл – романтика, бұл – болашақ жөніндегі үлкен әрі жаңа жоспарлар, бұл – болашақ атаулының бастауы. Қоғам – адамзат өркениетінің білігі мен біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміт артары – жастар. Мемлекет тәуелсіздігінің бүгінгі даму сатысында ел жастарына артылып отырған сенімнің жауапкершілігі ауыр, күтілетін үміттің үлесі мол. Жастарға сенім артып, жастардан үкілі үміт күту – қай қоғамның да басында бар болатын құбылыс. Алайда, біздің қоғамның жастардан күтер үміті айрықша. Олай дейтініміз, бүгінгі жастар – мемлекетіміздің егемендігімен тұстас, санасы кешегі қызыл қоғамның идеялық ұстанымымен уланбаған ұрпақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі және одақтас мемлекеттер арасындағы білім беру жүйесінің бердісіне айналғанына осы жылы 80 жыл толып отыр, ең беделді, сан жылдар бойы оқу базасы қалыптасқан, тәрбие мен ұлттық сананың алтын қазығы, өзіндік салт-дәстүрін сақтаған бірден-бір жоғарғы оқу орны.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы қала ішіндегі қала, жеке автономия десекте болады. Жиырма мың студент, үш мыңға жуық ұстаздары мен университет қызметкерлері бар шағын мемлекет. Студенттердің жан-жақты дамып, білім алып, ғылыммен айналысып, өз-өзін шыңдауға барлық мүмкіндіктер жасалған. Дарынды да талантты, білгір де зерек, көшбасшы мен ұлт зиялыларын қалыптастырушы білім ордасы. Студенттердің бойына білім, ғылыммен қоса ұлттық тәрбиені, патриоттық сезімді, еліне, халқына, жеріне деген сүйіспеншілік пен махаббатты үйлестіре отырып берген киелі білім ордасы. Университетіміздің әрбір студенті айқын перспективалар, болашағына сенімділік, кәсіби өсу үшін барлық мүмкіндіктерге ие бола алады. Қазақ ұлттық университеті шын мәнінде дарындылар мекені.
Қазақ ұлттық университетінің ең басты байлығы, мақтанышы ол әрине – жалынды да жігерлі, алғыр, Мағжан Жұмабаевтың сөзімен айтар болсам «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жалынды студент жастары.
Қазақ Ұлттық университетінде 2007 жылы бастамашыл жастардың ұсынысымен «Жастар ұйымдары комитеті» құрылып, университтегі студенттермен байланысты жұмысты өз мойнына алып, барлық ұйымдарды өз қанатының астына алды. Жастар ұйымдары комитетінің құрлымына келер болсақ. Көз алдынызға қазақ үйдің құрлымын елестетіңіз. Отасында шанырақ – «Жастар ұйымдары комитеті», шанырақтан тарайтын уықтар – Студенттер сенаты, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, Жоғары студенттер кеңесі, «Көмек» еріктілер қозғалысы, Студенттердің ғылыми қоғамы, Балон үдерісі бойынша студенттік бюро, «Алтын сапа» пікірсайыс клубы, ал керегелері ҚазҰУ-дың жалынды да жігерлі студенттері. Осы ұйымдардың барлығы біріге келе Қазақ Ұлттық университетінің «Жастар ұйымдары комитетін» құрайды.
Университет бойынша өзіндік орны бар, мәртебе мен құрметке ие, ең көп студенттер шоғырланған, ҚазҰУ-дың қозғаушы күшіне айналған ұйым – Студенттер Сенаты, «Сенат» құрылмының өзіндік ерекшеліктері бар, мысалға адам денесіндегі ең басты мүше – жүрек болса, Сенат – жүрегіміз, ал қалған маңызды мүшелер – 13 факультеттің маслихат ұйымдары, яғни адамның барлық мүшесі бір-бірімен тығыз байланыста, бір-бірінсіз жұмыс атқаруы мүмкін емес, сол секілді Сенат он үш факультеттің маслихат ұйымдарын өз туының астына біріктіре отырып, игі істердің бастамашысы болуда. Сенат - заман ағымымен, уақыт көшімен үдескен студенттік ұйым. Жаңашылдыққа ұмтылған, бірлесе жұмыс атқарудың тәсілдерін терең меңгерген жастардын ордасы.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер Сенаты ұйымының құрылып, жұмыс атқарып, талай жастарды өмір атты айдынға қанат қақтырғанына 14 жылдың көлемі болыпты. 14 жылдық кезең тарихи тұрғыдан алып қарағанда, қас-қағым сәт деуге болады. Ал осы қас-қағымдық мезгілде кешегі жас ұйым буыны қатайып, бірлігі жарасқан жылжыған жылдармен ілесе тәжирибелері шыңдалған, майталман ұжымға айналып отыр. Шын мәнінде студенттік ұйымға айналған Сенат жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болуда.
Сенат жайлы сөз болғанда, оның негізін салушылардын бірі, жаңа форматтағы ұйымның жаңару структурасын қалыптастырған біздің қазіргі таңдағы модераторымыз, бағыт, жол сілтеуші, бағдаршам іспетті ағамыз Нұрлан Абдіқадыровты айтпай кету мүмкін емес. Әрқайсымыз үшін қандай да бір жеңістің шыңына жету оңай, ал сол шың басында тұра білу, жеңістің позициясын ұстап қалу қиынның қиыны екені рас. Осы позицияны өзі ұстанып қана қоймай өзінің артынан ерген мыңдаған көшбасшы студенттерге үлгі азамат. «Сенат» дегенде Нұрланның жүрегі ерекше тебіреніске түсетіні құпия емес, себебі осы ұйымға ол барлық күш-жігерін салып, қажыр-қайратымен еңбек етіп, ұйым жұмысын жүрегі арқылы, өзінің осы іске деген махаббаты арқылы, университетіне деген сүйіспеншілігі, еліне, Тәуелсіз қазақ мемлекетінің гүлденуіне, жалынды жастардың жалынды болып қалыптасуына қосқан үлесі деп біледі. Бұл тек Нұрлан сынды жаны таза, жүрегі кең, жайсаң мінезді, әрқашан да ар мен ождан алдында абыройлы болуды қалайтын адамның қолынан келетің іс дегім келеді.
«Басқарушы болмаса, ел қадірі кетеді, елінде айтыс болса, ер қадірі кетеді», – демекші, Нұрланның баршамен ортақ тіл табысуының арқасында тату-тәтті бірлікте университетіміздің барлық белсенділері қосылып, біртұтас ағзаның әрбір жасушасы сияқты өз жұмысын атқаруда.
«Аға ісіy іні жалғар» ұрпақ сабақтастығы – аға буынды алмастырып, дәстүр мен жаңашылдықтың озық өнегесін дамытып, жаңа серіп беру мақсатында, Нұрлан Сенатты өзі тәлім-тәрбие беріп, көшбасшылық мектептен өткізген Нұрбол Тлеубергенге сеніп тапсырған болатын. Қазіргі таңда Нұрбол осы ұйымға аянбай еңбек етіп, барша үміттерді ақтап, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.
Сенаттың негізін құраушы, түпқайнар көзі – ол әрине әр факультеттегі «Мәслихат» ұйымы. Мәслихат - әр факультеттің жалынды, жігерлі, қиялы ұшқыр, арманы асқақ, беткеұстар, әнші, биші, күйшілері мен қатар сөз шебері мен зергерлері, сана мен түйсігі қалыптасқан белсенді жастардың киелі мекені. Мәслихат – студенттердің толеранттылықты қалыптастыратын, өзіне тән мәдени-әлеуметтік ережесін, салттары мен дәстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық емес жанұялық, достастық, моральдық, рухани, танымдық нышандарды тоғыстыра білген бірден-бір ұйым. Мәслихат ұйымындағы әр белcенді студент адами өнегелі құндылықтарды, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздігіміздің даму деңгейін жоғарылата отырып, жалпы этиканы сақтау өз міндеті деп санап осы ұстанымды өмірлік негізге алады.
Мәслихат ұйымының басты ерекшелігі бір сөзбен айтқанда әр мүше үшін мәслихат екінші үйі, ордасы, шектеусіз шығармашылық кеңістігі, ал бір факультет маслихатының мүшелері бір отбасыны құрайды, басқа факультеттердегі маслихаттар бауырлары, сонда өзіңіз қараңышзы мәслихат махаббат пен сүйіспеншіліктен, мейірім мен түсністіктен, шаттық пен қуаныштан құрылған, бұл жай ғана әсерлеп айтылған сөздер емес, бұл шын мәнінде көзімізбен көріп, қолымызбен ұстаған дүние, шынай факт, айна қатесіз ақиқат. Астын сызып айтатын тағы бір мәселе – мәслихат ұйымындағы топтық рухтың асқақ болуының негізі мүшелерінің бір-біріне демеу беріп, қолдау көрсетіп, қиын сәттерде қасынан табылып көмек көрсетуі. Мәслихат ұйымы «Бес саусақтың саласындай, бір атанының баласындай», университет, қала, республикалық деңгейдегі конференция, фестиваль, форумдарды ұйымдастырып университет мерейін үстем етуде, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білген он үш фаультеттің маслихат ұйымдары университетіміздегі өзін-өзі басқару ұйымы ретінде басқа жоғарғы оқу орындарының студенттеріне үлгі болып отыр. Қоғам болғандықтан әр түрлі ой туындайды, мысалға мәслихат ол босқа уақыт өткізу сонымен қатар керексіз шолақ белсенділік деп ойлайтын адам өзінің қаншалықты қателесіп тұрғанын өзі түсінбейді. Себебі, мәслихат мүмкіндіктер әлемі, ең алдымен сен бір топ, команда болып жұмыс атқаруды үйренесін, елмен, үлкен-кішімен ортақ тілтабысуды меңгересің, маңызды жобаларды іске асыра отырып өзіңнің танымыңды кеңейтесін міне бұл тек қана бастамасы, әрі қарай жіктейтін болсам өте көп. Он үш фаультеттің мәслихат ұйымдарының басы қосылғанда үлкен механизм, жігерлі жастардың одағы «Сенат» іске қосылады. Яғни, «Бірлік түбі тірлік» бірлік болған жерде кез келген жұмысты жоғары деңгейде атқаруға болады. Ұлы хәкім Абай – «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле»,- дегендей, еңбек адамның қоғамда алатын орнының болашаққа көзқарасының азаматтық беделін ерекшелеп отырады. Біздің Сенат, мәслихат ұйымдарының тағдырымен егіз өрілген жарқын болашағымыздың бастауы еңселі еңбек пен берекелі бірлікте жатыр. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – біз жаңа инновациялық технология мен жаңару, өркендеу дәуіріне басып барамыз, сондықтан бұл кезеңді біз биік рухпен, кең тыныспен, тың серпінмен бастағанымыз абзал. Біздің қуатымыз бірлікте. Біздің алдымызда Қазақ ұлттық университетінің асқар асуларға бастайтың, тарихи маңызы бар белестерді бағыңдыру міндеті тұр. Біз берік бірлігіміз бен бекем тірлігіміздің арқасында көптеген жетістікке қол жеткіземіз. Алдағы уақытта да иық тіресе жүріп, биік белестерді бірге бағындыра беретінімізге сенемін. Біздің бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын.
Баршаңызға табыс тілеймін!
АВТОРЫ!
Ахметов Мади Абылайұлы
Журналистика факультетінің Мәслихат төрағасының орынбасары