Қазақ ұлттық университетіндегі қашықтықтан оқыту жүйесі
блог
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бүкіләлемдік пандемияға байланысты бүгін де онлайн, қашықтықтан оқыту форматында білім беруде. Университетіміздің филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында ағымдағы оқу жылының бірінші семестрінде көптеген іс-шаралар және конференциялар өткізілді. Атап айтар болсақ "Тіл-достық пен келісім белгісі", "Ұлы даланың ұлы баласы", "Абай мұрасын зерделеу-саналы ұрпақтың ұлы мұрасы", т.б. Өтіліп жатқан онлайн іс-шаралар бұрын өтілген офлайн іс шаралардан кем түсетін жайы жоқ: бұрыңғыдай көзделген мақсат орындалып жатыр.
Қашықтықтан оқыту форматы, формасы, платформалары, оқытушылардың дайындық деңгейі жоғары сапада өтіп жатыр. Ерекше атап өтетін жайт университетке тек Қазақстан түлектері ғана емес сонымен қатар шетел түлектері де оқуға, білім алуға үлкен қызығушылық танытуда. Оның ішінде Түрікменстан, Қытай, Ресей тб. мемлекет түлектері. Онлайн форматта тек оқу процесі ғана емес әдеттегідей өтілген ашық тәрбие сағаттары, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталас сайыстары ұйымдастырылуда. Қашықтықтан оқыту, білім беруде әр түрлі әдістер мен көрнекі құралдарды пайдалана отырып, заман талаптарына сай, қызықты етіп оқыту процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту студенттердің білімін жан-жақты, әр түрлі форматта және формада тексеруге және бекітуге мүмкіндік береді. Сан алуан жобалар мен топтық жұмыстар студенттердің қызығушылығын арттыруда. Қашықтықтан оқытудағы басты мақсаттардың бірі студенттердің оқуға деген қызығушылықтарын жоғалтпай, жоғары деңгейде білім беру, әрдайым оқытумен және топтастарымен байланыста болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізу.
Абдуллаева Фариза Мұратбекқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы
Душаева Кәмила Мұратқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы