Қазақ ұлттық университетi-менiң мақтанышым!
блог
Қазақ ұлттық университетi-менiң мақтанышым!
Қазақ ұлттық университетi-менiң мақтанышым!
" Армансыз адам-қанатсыз құс" демекшi әр адамның арманы және өзiндiк мақсаты болады.Ал менiң арманым- осы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiне оқуға түсiп,ата-анамның үмiтiн ақтау болды. Арманым орындалып, қазiргi уақытта мен Қазақ ұлттық университетiнiң филология және әлем тiлдерi факультетiнiң 1-курс студентiмiн.Бұл университет менi несiмен қызықтырды дейтiн болсақ,ең әуелi бұл жер-қазақтың қара шаңырағы,құтты мекенi!Аты әлемге әйгiлi ақын-жазушылар,профессорлар,депутаттар,әншiлер,т.б барлығы дерлiк осы киелi мекеннiң тулегi болды.Мұны бiле тұра бұл университеттi армандамау мен үшiн әлсiздiк болып көрiндi. Бiздiң университетте түрлi iс-шаралар,мерекелер өткiзiледi.Бұл университетке түскеннен берi қоғамдық жұмыстарға ат салысып,өз қабiлеттерiмдi дамытумен келемiн.Бiздiң универдiң басқаларынан ерекшелiгi-бiзде студенттерге қызмет көрсету орталығы "Керемет" бар,"Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсiбодағы бар.Бұлардың барлығы студенттiң жеке дамуына көптеген мүмкiндiктер жасайды.Егер сiз рухани жағынан байып,кiтап оқығыңыз келсе бiздi Әл-Фараби кiтарханасына келсеңiз болады.Кiтапханадан кез келген адам iздеген кiтабын таба алады.
Ал бiздiң группаға келетiн болсам мен ең керемет группаның студентiмiн.103-группаға түскеннен бастап кураторымыз бiзбен жоғары деңгейде жұмыс атқарып келедi.Группаның ұйымшылдығы,ауызбiршiлiгi осы кiсiнiң арқасында.
Қортытындылай келе айтар болсам,бұл университет менiң жарқын болашағымның кемеңгерi,бақытты болуыма себепкер бiлiм ордасы!