Қазақ ұлттық университеті - 1934 жылы қаңтардың 15-ші жұлдызында ашылған, "Екінші ұстаздың"(Әл - Фараби) атымен аталған университет.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - қазіргі жастардың арман университеті. Қазақ ұлттық университетіне түскен студенттердің мүмкіндіктері көп. Неге десеңіз, бұл университет Қазақстанның жоғары оқу орындарының бас рейтингінің көшбасшысы, ел тарихында тұңғыш рет "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақ ұлттық университеті құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары жұмыс істейді; 2 мыңнан астам профессор, ғылым докторлары, кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам ірі академиялардың академиктері, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, 40-қа жуық ҚР Мемлекеттік және атаулы сыйлықтарының лауреаттары және 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары жұмыс атқарады.
Қазақ ұлттық университеті студенттері өздерінің университетін ұлы ғалым-ғұламалар бітіргендерімен мақтана алады. Олардың қатарында Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қадыр Мырза Әлі, Олжас Сүлейменов және т.б. бар.
Қазақ ұлттық университеті қалашығында студенттердің қолайлы өмірі үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазақ ұлттық университеті қалашығы ішінде интернет орталығы, Әл - Фараби атындағы кітапхана, 14 жатақхана, студенттерге қызмет көрсету орталығы бар.
Мен Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түскеніме еш жерден өкінбеймін. Себебі болашақта жақсы маман иегері атанатыныма кәміл сенемін.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының 1 курс студентті: Науканова А.Н.
Жетекшісі: Уразгалиева С.А