Қазақ Ұлттық Университеті

 

Мектепте оқыған кезімнен бастап тілдерді үйренуге қызығушылығым арта бастады, көптеген тілдерді де үйренгім келді. Ағылшын тілімен шектелмей қойып,шығыс тілдерін де меңгеру мақсатым болды деп айтсам қателеспеспін. Алматы қаласында көптеген университеттер бар болғанымен менің таңдауым тек қана бір оқу орнына түсті. Мен Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану мамандығындағы Қытай тілін үйренуді таңдағаныма өте қуаныштымын. Осу оқу орнын таңдауымның ең басты себебінің бірі бар білгенін үйретуге дайын мұғалімдер десем де қателеспеспін.  Биыл қытай тілін үйреніп жатқанымызға үш жыл болған екен. Осы жылдар ішінде өте көптеген тәжірибе және баға жетпес ақыл алдық. Осы жылдар аралығында көптеген мұғалімдерден білім алып, өте көп нәрсеге үйрендік. Сол мұғалімдерге берген білімдері үшін үлкен шексіз алғысымды білдіргім келеді. Өте көптеген іс шаралар студенттік өмірімізді одан ары қызықтыра түсті. Көптеген Қытайдың дәстүрлерін, көркем өнер, әдебиет және шығармаларымен таныстық, өлеңдерін жаттап оны іс шараларда топпен айттық.

Ең қызығы біздің университетте студенттер әр түрлі тілдер үйренеді. Бізде қытай тілінен бөлек жапон, кәріс, хинди, урду, түрік тілдерін үйренетін студенттер бар. Әр тілдің қызықты жақтары бар.

Өзімнің студенттік өмірімді осы университетте өткізіп жатқаныма, достарыммен бірге оқығаныма өте қуаныштымын.

Қазір Қытай Жаңа жылы болып жатыр. Осы жыл індет, ауруға байланысты үйде онлайн оқығанымызға қарамастан, біздің қытай тілінің студенттері онлайн түрде іс шара өткізбекпіз. Мен осындай мүмкіндікке ие болғаныма өте құаныштымын және Қазақ Ұлттық Университетінде оқитыныма мақтанамын!

 

 

Алматы қаласы,Қазақ ұлттық университеті,

Шығыстану факультетінің 3 курс 4 топ студенті

Наурызбаева Маржан.



Бөлісу: