Қазақ тілінің Латын әріптеріне өтуі ел тағдырында «Мәңгілік ел» ұғымымен қатарлас орын алады. Өйткені ел егемендік алғаннан кейінгі мәңгілікке қабылданатын, әрбір қазақ баласының келешек ұрпақтарының бәріне әсер ететін және қазақтың қазақ болып қалуына әсер ететін шешім. Неліктен оны жабық есік жағдайында, тек қана бір нұсқада талқылап, басқа жұрттың жан айқайына қарамастан қабылдап жатыр. 1 миллионнан астам адам талқылаған жиналысқа кімді шақырыпты, оның шешімі қай басылымында жарияланыпты? Қарсы болған кімнің сұрағына кімнің жауабы айтылыпты?
Мен өз басым Хабар, Қазақстан, 7-арна, Егеменді қазақстан, ... толып жатқан БАҚ өкілдеріне хат жолдағанмын. Онда жарияланған 2 жобада да қателердің бар екенін көрсеткенмін. Неге олардан бір-де бір хабар болмады? Неге олар оны жарияламады? Неге жоба жарияланбаса да, жарияланған жоба туралы, жұрттың оның ішіндегі қателерін көрсетіп жазып жатқаны туралы дерек жарияланбайды? Оны ертең мектепке апарып, шешеілмейтін қателіктерін сол жерде көріп, оны түзетуге тағы шығын шығару керек пе? Сонда қазақстанның ғалымдары туралы, ел басқарып отырған билігі туралы жұрт не айтады? Неге өз беделімізді жер етеміз? Неге Елбасыны екінші рет қате жобаны жариялауға жеткіземіз?
Құрметті туған елімнің ұстаздар қауымы және қазақ тілін қадірлейтін барша жұрты! Қазіргі биліктің істеп отырған шаруасы Брежнев заманындағы қаулыларды парторгтар зырылдатып талқылап, көпіртіп мақтап-мадақтауды іске асырушы еді. Оны ел «Одобрямс!» деп атайтын. Енді тіліміздің тағдырына тікелей әсер ететін шешім сол «Одобрямсқа!» айналып жатыр. «Менің жобам өтпей жатыр», деп емес, «Елбасы қабылдауға болады»,- деп шешім шығарған жобаның қатесі бар!»,-деп айқайлап отырмын.
Сіздер әлі ояна алмай жүрсіңдер! Бұл қатесі бар бір оқулық емес, ана ертең дүниеге келетін ұрпақтарыңның барлық оқулықтары жазылатын әріптер! Ұйықтай беріңдер! Сіздер ұйықтап жатқанда пысықтар миллион адамның қолын жинап Елбасыға тағы көзмайлау істеді.
Бұқара деген сіздер! Қайда бұқаралық ақпарат құралдары, тілшілер! Бәрің ұйықтап қалдыңдар ма? Неге талдамайсыңдар! Бұл желілермен есептеспесе бұл өтірік қайда апарады?
Қазіргі жобаның басты кемшіліктері:
1) сөзді буынға бөлу заңдылығы бұзылады;
2) дыбыстардың үндестік заңы бұзылады;
3) қазақтың «Екі дауысты дыбысы қатар келмейді»,- деген заңы бұзылады.
Бұл үшеуіне бола қазақ емлесін түп-тұқиянынан бастап қайта жазуға тура келеді. Кім жазады? Қашан жазылады? Қашан тексеріліп бітіледі? Бұны енгізу 2050-ге дейін де бітпейді.
Сонымен қатар басқа кемшіліктері:
4) Қолданылу мақсаты әртүрлі болғандықтан дәйекшесі бар сөзді оқу үшін әрбір әріпті ежіктеп бас қатыру керек;
5) Баспа көлемі шамамен 30% ұзаратынын болжауға болады;
6) Ғаламтордың іздеу алгоритмі дәйекшені (апострофты) әріп ретінде қабылдамайды(алып тастайды), яғни ғаламтордан қазақша дерек іздеу мүмкіндігі болмайды;
7) ’ таңбасы барлық программалау тілдерінде ерекше рөл атқаратын таңба. Мысалға C, Assembler, Pascal, Delpһy тілінде “A” – мәні A-ға тең тізбектік айнымалы болса, ’A’ – ның мәні 65 –ке тең сан болады. BASІC тілінде бұл таңбадан кейінгі кез келген жазу комментарий түрінде қабылданады. Компьютерде сөйлемді сөзге жіктегенде бұл таңба ешуақытта сөзге қосылмайды. Мысалға “a’lem” деген бір сөзді “a” және “lem” деген екі сөзге бөліп қояды. Сонымен қатар бұл таңбаны көптеген программалар қос таңбаның бірі деп есептеп, сөздің басында ‘, ал соңында ’ қылып автоматты өзгертіп отырады. Бірақ, ’, ‘, ’ таңбаларының кодтары әртүрлі. ’ таңбасы тыныс белгісі емес әріп екенін компьютерге ұқтыру қиын.».
Сондықтан бұл жобаны қабылдауға жол беруге болмайды!
Қазір нағыз бәріміз бірігіп қазақтың тіліне қызмет ететін күн туды. Әлі де бүкіл ел болып қарсы шықсақ, онда Елбасыға дауысымыз жететіні сөзсіз. Билікте отырған қазақтар! Қабылданған жоба нашар болса сіздердің ұрпақтарыңыз рахмет айтпайтыны сөзсіз! Ойланыңыздар! Әрқайсысың жобамен танысып, оны ұнатсаңыздар өз таныстарыңды үгіттеңдер, яғни олар да танысып өз таныстарына жіберетіндігін қадағалаңыздар. Пікірталастарда атсалысып танымал болыңыздар. Танымал адамдарды, белгілі тіл мамандарын тартыңыздар! Жобаны талдау басқа ауылға, қалаға, ауданға, облысқа тарай беруі керек. ...
Дәйекшесі бар жоба нағыз қазақ тілін жоюға арналған жоба.
https://massaget.kz/blogs/23227/
2017 жылы 9 қазандағы қазақ әліпбиінің жобасындағы қателер
https://massaget.kz/blogs/23158/#Latyn
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности v.3
https://massaget.kz/blogs/23148/ #Latyn
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности v.2
https://massaget.kz/blogs/23147/ #Latyn
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности v.1
https://massaget.kz/blogs/23062/ #Latyn
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.3
https://massaget.kz/blogs/23139/ #Latyn
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.2
https://massaget.kz/blogs/23137/ #Latyn
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.1
https://massaget.kz/blogs/23061/ #Latyn
Қазақтың бетпердесіндей болған 7 дыбысына ағылшын тілінде басқаша оқылмайтын жеке таңбалар таптым!
https://vk.com/wall239758952_19
Латиница жобасындағы пернетақтада барлық символдардың орналасу реті.
https://massaget.kz/blogs/23074/ #Latyn
Диграф қолданылатын жобалардың түзетілмейтін қателері
https://massaget.kz/blogs/23070/
Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау керек
https://massaget.kz/profile/82947
Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.
https://massaget.kz/blogs/23036/
Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым
https://massaget.kz/blogs/23035/
Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!
https://massaget.kz/blogs/23008/
Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/
https://vk.com/doc239758952_450677576
Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт
https://massaget.kz/blogs/23000/
Кейбір пікірталастардан үзінді
https://massaget.kz/blogs/22995/
Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?
https://massaget.kz/blogs/22992/
Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады
https://massaget.kz/blogs/22993/
Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
https://massaget.kz/blogs/baykau/22962/
Ертегілер
Мақта қыз бен мысық,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22963/
Бір үзім нан,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22964/
Алтын сақа,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22967/
Тазша бала
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/