Қазіргі таңда қазақ тілінің мәселесі алғашқы орнында тұрғаны білеміз. Барлық жастар қазақша қарым-қатынастың қызығушылығын жоғалтады деп бір дауыспен айтады. Елбасымыз да бір рет атап өткендей, «бір бөлмеде 100 қазақ және 10 орыс болса да, барлығы орыс тілін пайдаланады». Бұның себебі әлі күнге шейін түсініксіз. Бұл адамның психологиясымен немесе кейбірлері орыс тілінде сөйлеген беделді көрінеді деген тұжырымдармен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, ғаламтордың дамуы қазақ тілінің жағдайына әсер етеді. Мысалы, замануи халқымыз әлеуметтік желілер арқылы керек ақпаратты көбінесе орыс не ағылшын тілінде тауып оқиды. Ал жастар болса, ғаламтор арқылы негізінен орысша хаттамалар жазып бірін-бірімен араласады. Сондықтан, біздің қоғамымыз қазақ тілінің беделін көтері үшін осындай ауқымды көңіл бөліп, белгілі бір іс-шараларды қолға алуға тырысуда.
Бірақ егер біз осы мәселеге басқа жағынан қарасақ, ұлттық тіліміздің жағдайы сонша нашар емес. Мысалы, мен жеріміздің солтүстік өңірінен шыққанмын.Көпшіліктің пікірі, егер сен солтүстіктің адамы болсаң, онда сен не өз тіліңді білмейсің не оны білгің келмейді. Алайда, халқымыз мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсінеді. Мысалы, қалаларда қазақ тіліндегі мектептердің, балабақшалардың саны жыл сайын өсуде. Ата-аналар өз балаларын қазақ тіліндегі оқуларға беруге тырысады. Сонымен қатар, басқа ұлт өкілдері арасында да қазақ тілінде білім алуға ұмтылатындар кездеседі. Мемлекеттік жұмыс орындарынғы жұмысшылар қазақ тілін меңгеріп, ұлттық тілде сөйлеуге тырысады. Қазіргі кезде бүкіл құжаттар, жазбалар, есептер-қисаптар қазақ тілінде тапсырылады. Осының барлығы қазақ тілінің дамуын көрсетеді. Мысалы, егер де біреу бес жыл бұрын маған қазақ тілінде блог жазатын боласын деп айтқан болса, мен оған ешқашан сенбес едім. Әрине, әрбір азамат өз ана тілін маңыздылығын түсініп, оның дамуына үлес қосуға тырысады деп ойлаймын.
Меніңше, қазақ халқы ұлттық тілдің құндылығын жақсы түсінеді және оны меңгеруге талпынады. Орыс сыныптарында оқыған қазақтарға реніш білдіре бергенше, ана тілін жақсырақ білуі үшін керекті мүмкіндіктерді жасауға ат салысқан дұрыс болар еді. Мысалы, олимпиадаға немесе емтихандарға дайындалатын кезде қазақ сыныптарының оқушылары орыс әдебиетін қолданады. Бұның себебі неде? Өйткені, жоғары сынып материалдары көбінесе орыс немесе ағылшын тілдерінде. Ғаламторда да сондай жағдайда, алайда ғаламтор - әлемді танудың жолы екендігін бәріміз білейміз. Сондықдан, қазақ тілінде сөйлейтін тұлғаларға бұл мәселе үлкен кедергі болып табылады.
Қорытындылай келе, сіздер байқағандай қазақ тілінің даму деңгейі айтарлықтай тез өсуде. Халықтың басым бөлігі қазақ тілін күнделікті тұрмыста, жұмыста, оқу орындарында қолданысқа енгізуге ат салысып жатыр. Менің пікірмше, қазіргі уақытта Қазақстан қазақ тіліндегі ғаламтор сайтарының және профессианалдық деңгейде аударылған материалдардың санын арттыруға көбірек қаржы жұмсауы тиіс.