Қазақ тілінің халі қалай?
блог
Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан ассада, Қазақ халқына әліде қайғы болып келе жатырған, басты мәселелердің бірі-Мемлекеттік Қазақ тілі хақында. 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақ халқы қазіргі 60 пайызды емес 80 пайызды құрауы тиіс еді. Бірақта Мемлекет органдары бұған немқұрайлы қарап келеді. Парламентте отырып орысша сөйлеп, Сенат сойылын соғып, Мәжілістің мәнін келтіргендер бұл күндері Қазақ тілі десе ат-тонын ала-қашатындай дәрежеге жетті. Жа бұны қоялық. Көзіміз көріп, құлағымыз күнде естіп, әбден етіміз үйреніп қалды. Айтпағым бұл еместі. Қазақ баспасөзінің бел ортасында жүрген. Баспасөзде өз орнын, өз ортасын қалыптастырған. Қазақ халқының асыл ұлының бірі Жарылқап Қалыбай хақында. "Жұлдыздар отбасы", "Аңыз адам" журналдарының Бас редакторы Жарылқап ағаның Қазақ баспасөзі үшін еңбектеніп жүргеніде ауыз толтырып айтарлық іс. Осындай ағамыздың Қазақ тілінде сөйлегені үшін темірторда 3 күн қамалғаны жанға бататын іс.
Тамыздың 26-сы күні Scat әуе компаниясының Анталья-Алматы бағытында ұшып бара жатқан ұшағында Жарылқап Қалыбай мен компанияның жолсерігі арасында түсінбеушілік болып, кейін Жарылқап Қалыбай әуе компаниясының шағымы бойынша әкімшілік сотқа тартылған. "Жарылқап Қалыбай Scat әуе компаниясы ұшағында қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етемін деп істі болғанын" айтады. Қазіргі кезде көптеген ірі-ірі компаниялар Мемлекеттік тілді пысқырыпта қарамайтыны өтірік емес. Олардың арттарында авторитетті дөкейлердің тұрғаныда анық. Әйтпесе Скат секілді компаниялар Мемлекеттік тлді құрметтемей жүре берері даусыз. Тәуелсіздікке қолымыз жетті дегенде өз тілімізде сөйлегеніміз үшін түрмеге қашанғы қамала береміз. Біздің ел, Ресейдің қол астындағы Тәуелсіз ел болып Тарихта қалмаса екен. Міржақып Дулатұлы жырлағандай "Оян Қазақ" деп ұрандайтын бір адамның жетіспегені өкініш. Ендігі күн бір Құдайға ғана аян.