Қазақ тілін үйренуде жаңа әдіс
блог
Біздің бастықтың жапон досы бар. Сол кісі маған ылғи қазақ тілін үйретші дейді. Мен енді оны қайда жіберу керек екенін білем...
Телеарнадағы қазақ тілін үйренетін бағдарламаларды көрген кезде кәдімгідей күлкім келетін... Мүмкін, қазақ тілін өзім білгесін үйрету әдістері бір түрлі көрінгеннен кейін шығар... Ал сол бағдарламалардың шынымен қазақ тілін үйреткендерін көрдіңіздер ме? Себебі, ешкім ол бағдарламалар қорытындысын шығарып, бағдарлама бойынша қанша адам тіл үйреніп қанша адамға көмектескенін бақыламаған еді...
Кейде осы тіл мәселелсін көтерген кезде бізде тек айқайлау бар да, нақты іс жоқтай боп көрінетін. Әлі де тіл мәселесі қазақ елінде жүрсек те өзекті тақырыпқа айналып отыр. Шынымды айтсам телеарналардағы тіл туралы бағдарламалар неге нақты іс әрекетке көшпейді екен деген ой келетін...
Алдыңғы жазбамнан байқасаңыздар, мен 1- Евразия каналына барған ем. Сонда қазақ тілі және қазақ тілді бағдарламалар жөнінде сөйлескен едік. Ол кісілер маған 4 - қарашадан жаңа «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде!» атты бағдарлама шығатынын хабарлады. Рас, алдыңғы бағдарламалар сияқты бағдарлама көз алдыма келе қалды, жасырмаймын... Ойымды ашып айтпағаныммен олар менің ойымды оқып қойған сияқты өз бағдарламалары туралы айтып берді.
Бағдарлама қазақ тілін үйретуге бағытталған. Ерекшелігі: қазақ тілін үйренуге деген құштарлығы бар әр ұлттың өкілінен әр түрлі жастағы әр түрлі маман таңдалынып алынып, қазақ тілін үйретуде жаңа әдіспен тіл үйретуді бастайды. Яғни, бұрынғыдай әр сөздің қазақшасы қалай екенін мың қайталап, оны қалай есте сақтау жолдары көрсетілмейді. Бағдарлама да қазақ тілі мамандары мен бірге ті үйренушілер мен журналистердің өздері де қатысады. Оларға жаңа методика мен тіл үйретіп қана қоймай арнайы тақырыпта пікірталас ұйымдастырылып, арнайы қазақ тілінде сұрақ-жауап бөлімі мен бірге арнайы үй тапсырмасы беріліп тексерілетін болады. Ең қызығы: оқу уақыты аяқталғаннан кейін олар арнайы тест тапсырады, яғни тікелей сауда орталықтарына, банк, ауруханаларға барып арнайы қазақ тілінде қызмет сұрап, қызмет көрсету кезінде қазақ тілінде сөйлесетін болады. Халықпен қазақ тілінде сөйлесу деңгейі тексеріліп, бағдарлама жеңімпазы анықталады...
Шынымен де, бұл біздің елде алғашқы қолданылып отырған әдіс, маған ұнады! Жеңімпаз анықталатын болса деймін, қандай сыйлық береді екен соңында???