Қазақ тілін оқу - Қазақстанда тұратын әрбір адам үшін парыз

Қазақ тілін оқу - Қазақстанда тұратын әрбір адам үшін парыз
жеке
блог

Менің Отаным – Қазақстан, мен осы елде дүниеге келдім және бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келемін. Қазақстанда көп әдемі жерлер мен орындар бар. Біздің халқымыз көп ұлтты. Көпұлттылығына қарамастан татулық пен бірлікте өмір сүуде. Мен әр кез «Бұл-менің Отаным» деп мақтан тұтамын. Қазақстанның ең басты байлықтарының бірі – ол оның мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі өте бай, қызықты, тамаша тіл. Менің ойымша Қазақстанда тұратын адамға қазақ тілін оқу, меңгеру керек. Өйткені, қазақ тілі-мемлекеттік тіл, адамдар бұл тілде сөйлейді, ақпаратпен бөліседі. Өзін патриотпын деп санайтын саналы азамат мемлекеттік тілге бет бұруы тиіс. Мен үшін қазақ тілін меңгеру өте маңызды, өйткені – бұл менің елім, жерім алдындағы парызым деп білемін. Қазақ тілінің әдебиеті өте бай. Абай Кұнанбайұлының өлеңдері  маған қатты ұнайды, бірқатарын жатқа білемін. Оның өлеңдері ақыл-кеңес береді, оқу мен білімге шақырады. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Торайғыров, М.Мақатаев т.б ақын - жазушылардың шығармалары қызықты, пайдалы, мазмұны жеңіл оқытылады. Өмір, махаббат, табиғат туралы шығармалары мен өлеңдері осы тақырыптардың терең мағынасын көтереді. Қазақ поэзиясын оқысаң, сен басқа әлемге тап боласың, бұрынғы уақытқа қайтасың, адамдардың түрлі сезімдерін өз бойыңнан өткізесің.

 Әрбір адам бала кезінен бастап өз тілінде сөйлейді, ойлайды. Қай елде дүниеге келгенің маңызды емес, бірақ өз туған тілінде айту, ойлау, сөйлей білу керек. Мен украин қызымын. Қазақстан кіндік қаным туған жерім, менің сарқылмас қазынам. Қазақстан маған туған тілде сөйлеуге мүмкіндік берді. Ендігі кезекте мен елімнің төл тілін білуім қажет деп санаймын. Өз басым орыс тілінде сөйлесем де, қазақ тіліне қатты қызықтым. Мектепке келгенде мен қазақ тілімен таныстым. Қазақ тілінде сауатты сөйлеу, дұрыс жазу үшін мен оны меңгере бастадым. Граматиканы, жаңа сөздерді оқып жаттадым. Тіл арқылы халқымыз жақындасады, тілдің арқасында біз ойымызбен бөлесеміз.

Сіздің ойыңызда «Саған қазақ тілі не үшін керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Біріншіден, қазақ тілін білу пайдалы.

Екіншіден, сен Қазақстан азаматы болсаң, қазақ тіліде сөйлеу сенің парызың. Бұл адамдармен сөйлеуге, қазақ әдебиетін танып білуге көмектеседі.

Қазақстан тұрғыны болсаң, өз елінді кұрметтесең, қазақ тілін ең болмағанда базалық деңгейде білуге тиіссің.

Мемлекеттік тілің, туған тіліңді білу - бұл адамдардың парызы.

Тілдерді оқу маған қатты ұнайды,олар көптеген мүмкіндіктер береді,жаңа есіктер ашады.Тіл арқылы біз халықтың менталитетін,салт-дәстүрін,мәдениетін білеміз.Қазақ тілін жетік меңгерген соң мен басқа тілдерді оқығым келеді