Қазақ тілім

 

 Көңіл деген құйқылжытар шартарапқа

Кешкіғұрым күн баурайы кірген шақта

Ой келеді түрлі алуан жанды баурап,

Ұйықтап кеттім түс те көрдім, сол бір бақта

 

Қазақ деген атауды ешкім білмеді,

Бүкіл қазақ орысша сөйлеп жүр еді.

Тіпті,анам күбірлейді орысша

Еш адам жоқ түсетін оған араша

 

Кірледі де жүрегім сыз басыпты.

Қазақ тілден орыстар тіпті асыпты

Қаңғыр-күңгір дыбыстар өзге тілше

Көңілімде қалды бір сөз өте ащы

 

Кектеніп надан адамша айқайладым,

«Орысша сен сөйлеме сайтан алғын

Өңкей зұлым адамсың тіл білмейтін»

Дегенде тұрып кетсем, түс қой балғын.

 



Бөлісу: