Қазақ тілді видео блогерлер

Қазақ тілді видео блогерлер
жеке
блог

ХХІ ғасырда ең қол жетімді әрі тиімді байланыс құралдарының бірі, және ақпаратқа бай қазына болып табылатын – ғаламтор жүйесі. Ғалторда әртүрлі форматтағы ақпаратты табуға болады, олардың қатарына мәтіндік ақпарат, аудио, суреттер және видео ақпараттар жатады. Ғаламтор сен дүниенің қай түкпірінде болсаң да саған қажетті ақпаратты қалаған тілінде табуға, және жердің кез келген нүктесінен басқа жерде орналасқан адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Жаңа заман адамдары кішкене жалқау болғандықтан оларға оқып, естуден гөрі өз көздерімен көргендері артық. Яғни, бүгінгі таңда ғаламтордағы ең қолдаңбалы ақпрат көзі видео болып табылады. Видеоның тағы бір пайдалы әсері адам санасының қабылдағыштығы, біз видеоны корсек және сол ақпаратты оқысақ , видео түріндегі ақпарат нақтырақ әрі түсініктірек болып көрінеді.

Қазіргі кезде ғаламторды тұтынушлырадың көбісі  блог жүргізеді. Біз білетін: masaget.kz, youvision (екпін), timeblog т.б.  блог жүргізетін порталдар бар. Аталмыш порталдарда ақпарат ағымының көбісі мәтін немесе сурет ретінде  таратылады. Ал, видео түрінде ақпарат тарататын ең танымал  видеосайт  «youtube». Бұл әлемдік қолданыстағы сайт, яғни бұл сайтта бұкіл дүние жүзіндегі халықтар өз елдерінде, өз тілдерінде түсірілген видеоны көре алады.  «Уoutube»-та ең кең таралған тіл ағылшын тілі, алайда орыс тілі, украин тілі т.б. әртүрлі елдердің тілінде таралған видеолар да бар. Ең аз таралған қазақ тіліндегі видеоблогтар, оларды жоққа санасақ та болады.

Негізінен, видеоблогтарды түсіру кезкелген адамның қолынан келеді. Видео блогтын пайдасы да зор, бүгінгі таңда өмірде,ғылымда басқа да жағдайларда түсінбей жатқан, білмейтін  жәйттарын болса оны видео арқылы табуға болады. Әрине ғаламторда қазақ тіліндегі видеолар жеткілікті, видеоблогтар сирек кездеседі.  Қазақ тілді видеоблогтар қазақ тілінің өрістеуіне де , қазақ дәстүрлерін дәріптесек  оның өркендеуіне де, қоғам қызығушылығына  пайдалы болып, журналисттердің тәжірибе жинақтауына да оң ықпалын тигізер еді.