Қазақ тілді блогқа ерекшелік әкелген блогерлер
блог
Ертең – сенбі...
Өмір өтіп барады,
Осы аптада бітіргенім шамалы!
Осы аптада бітірем деп жүргенде,
О, әкеңнің... сенбі келіп қалады...
- Тух, сол да сөз боп па? Өзім білетін тақырып ертең-ақ жазып саламын,- деп жүргенде жұма келді. Аяқ асты жан-таласта не жазам? Адамның өзі жақсы білем-ау деген тақырыбынан аяқ асты дым білмеуі мүмкін екен ғой...
"Бір адамның бақытына бір адам себепші" демекші менің сіздердің араларыңызда "өзімше" боп жүргеніме, "тап-таза" нәзік ойларымның құртылып "Айкона" боп қалыптасуыма өзіндік орнын қалдыра білген блогерлермен таныстырғым келді. Олардың менің ғана емес мен сияқты біраз блогерлерге қозғалыс әкелгеніне сенімдімін...
Сонымен кеттік:
Фейктердің атасы
"Фейк" десе бәріміздің денеміздің түршігіп жиырылып қалатынымыз бар, бірақ сізді жете зерттеп, сіздің басқа қырларыңызды ашуға өзіндік үлесін қосқан фейктерге қалай қарайсыз?
Сатыбалды Кербабаев: Ол кісінің шынайы өмірде кім екені кез-келген блогерді толғандыратын "мәңгілік" сұрақ. Себебі, ол кісі қазақ тілді блогерлердің ішіндегі нағыз феномен, нағыз фэйк, нағыз аңыз. Ол кісінің жазбаларын түсіну үшін ол кісінің "Дәруішөлген" атты әлемінде өмір сүру керек. Сізді толғандырған тақырыпты ерекше стильмен жеткізіп, сізге жеткізіп қана қоймай күлдіріп, күле отырып толғандыртып жіберетін жазбалары аңыз боп үлгерді. Кейбір жазбалары халық арасында аңыз болып, анекдот боп тарап кеткен. Мысалы мына жазбаны мобильді телефон сатушылардың қарапайым мобильді телефондарды жарнамалауда қолданантынын естіп біраз күліп алған болатынмын. "Еее, мен бұл анекдоттың авторын білем" деп мақтанғым кеп кетті.
Иә, иә келісем. Ол кісінің "тілі" басында сіздің өзіндік эгогыңыз қарсылығын тудырады, бірақ артынан ол сөздердің сіздің ішкі әлеміңізді бір нүктесін дөп басып жатқанын түсінесіз... Дәл осы сәтте менімен келіспей "КетшінаҚ" деуіңізде ғажап емес :) (ескертем, бұл жаман сөз емес, ол дәлелденген).
Оның әлемі жасыл қырат жақта
Менің блог әлемі келуімнің себепшісі десем де болады. Анардың жазбаларын ұрлап "Солай.де" сайтына жерден алтын тапқандай салып отыратынмын...
Анара Мұстафина. Қазақ тілді блогшылардың нәзік жандылардың ішінен шыққан алғашқы қыз блогер. Қазіргі күнде танымал боп жүрген көп қыз блогерлер осы Анардың блогы арықылы блог әлеміне келді. Оның нәзік әлемі бізді бірде махаббат поэзиясының ерекше әлеміне еліртсе, бірде нәзік те қайсар қыздың өмірден түйген батыл ойларына жетелей алды.
Кейде Анардың ойлары қайшылықтар тудырады, себебі сен мойындағың келмейтін нәрселерді "міне, ол осылай қабылдасаңда осы қабылдамасаңда осы" деп бетіңе айтып тастаған кезде іштей мойындап қаласың.
Таза бала көңілім
Пікірлерді оқыған кезде мен столдың астында күлдіріп жатқызатын бір кісі. Білмейм, "сен маған досыңды көрсетші, мен саған кім екеніңді айтып берейін" дейді ғой, сол сияқты менің кейбір "өзім шығарып" алған сөздерімді көбі түсінбей жатқан кезде ол кісілердің бәріне Айконың сөздерін жібергім келеді.
Айда Қали. "Монти" деген есіммен танымал болған Айда қазақ тілді блогерлердің ішінде өзіндік ерекше сөздігі арқылы ерекшеленеді. Қазіргі кезде көп жазбасада оның өзі ойлап тапқан сөздері әлі күнге қазақ тілді
блогерлердің ішінде кеңінен қолданысқа ие.
Тіпті "Монтидың орысша-қазақша сөздігі" деген арнайы пост жазылып, блогерлер Монтидың сөздігіндегі ерекше сөздер тізімін жасап шыққан болатын.
Қазіргі кездегі ең танымал сөздері:
ажь-аж; витер-виртуал; жуу да — да уж; өндір — үнемі;
дачы — … да ше! жынД — 1) жынды; 2) керемет.
күчТ — күшті; Иятсыз агашка — Сатыбалды;
квазя — жынысы еркек жаман адам;
Оның өмірінің өзі кино
Менің рецензиямды оқитындар менікін ұнатады, ал мен оның рецензияларын ұнатам. Жаңа кино шықса "киностанда не жазды екен?" деп ақтарып алып, бірақ барам.
Дінмұхаммед Зиядин. Қазақ тілді блогқа Қисықтың алып келген үлкен жаңалығының бірі ол - киноларға рецензия жазу болды.
Қисық жазған кез-келген рецензиядан кейін ана киноны көрген болсаңда қайта көріп шығуға мәжбүр боласың, себебі сен байқамаған нәрселер, сценарий, актерлардың шеберлігі, техникасы, эффект, текст бәріне мән беруге мәжбүрлейді.
Екінші нәрсе - ол сараптама, болжам, сұхбат. Әр жазбасынан оның сан қырлылығын бірден көруге болады.
Кез-келген жігіт осындай болса
Алғаш форумдарда жүргенде Гастарбайтермен қырылатынмын, менің феминисткалық жазбаларыма ол шабуыл жасайтын... Бірақ, ол бағытын өзгерткелі "ех, осындай жігіттер көп болса" деген ойға жетелеткізді. Сөзін іспен дәлелдеген жігіттер ұнайды, амал жоқ мойындатты.
Асқар Базарбай. Қазнеттегі жалғыз бодибилдингші, спортшы. Асқардың әр пікірінің өзі бір блог.
Өз тәжірибесінен бөлісіп қана қоймай кез-келген өзі сияқты спортпен айналысқысы келеген жігіттерден ақыл-кеңесін аямай келеді. "Дивани "хикмет" жайлы айту керек емес, оқу керек, көру керек.
Адамдар арасындағы бөлтірік
Бақытжан Бұхарбаев. Орыс тілді аудиторияға қазақтың салт-дәстүрі, қазақтың мәдениеті, тарихы, бәрін ерекше стильмен жеткізе білген ерекше блогер.
Барконның еңбегін атап өтпей кете алмадым. Саясатта ашық пікір білдіріп, қоғамда салмақты орны бар блогер.
Мен үйренген, мені таңқалдырған блогерлерді жазсам 8 жылдық өмірімді жазып шығуға тура келетін сияқты. Кейде "блогер" деген кім немесе "блог" деген не өзі деген кезде қазақ тілді контенттің дамуына үлес қосқан кісілерді көрсетемін. Бірақ интернеттен өзіне керегін алып кетіп қалатын адамдар блогтыңда еңбекті, ізденушілікті, білімді талап ететінін түсінбей жатады. Дегенмен, сіздер аман болыңыздар блогерлер! Бізді әлі танып, мойындайтын болады!
Пы.Сы. Екі адам бар, олар жайлы әңгіме басқа...