Дүкенге бара жатсам, есік алдында 2 жасар баласын жетектеген келіншек оған қатар-қатар тізілген көліктердің атауын ағылшынша айтып, басын қатырып барады.
- Ең алдымен қазақша үйрет, қалқам, ақылы болса, ағылшын тілін өзі де үйреніп алады, - дедім пысықсынып.
- Қазақша біліп байыған адамды көрмедім, аға, одан да шет тілін үйреніп, келешекте нанын оңай тауып жесін, - деді келіншек.
Сонда қазақ тілі нан тауып жеуге де жарамай қалғаны ма? Бізді осындай пысықтар бүлдіреді.
Жолдасбек Дуанабайдың фейсбуктегі жеке парақшасынан