Қазақ тілі мен әдебиеті – ғылыми-педагогикалық, әдістемелік журнал. 1958 жылдың наурыз айынан 1959 жылғы қарашаға дейін шығып тұрған. Алғашқы бас редакторы Т.Ақшолақов. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы қайтадан шыға бастады. Журналдың
“Көкейтесті көзқарас”,
“Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс”,
“Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс”,
“Оқулыққа қосымша”,
“Жас маманға жәрдем”,
“Тіл тарихы мен теориясы”,
“Әдебиет тарихы мен теориясы”,
“Өнеге сағаты”,
“Сабақтан тыс тәрбие”,
“Оңаша ой отауы”,
“Ұлттық тәлім-тәрбие: рухани уыз”,
“Лингвистикалық көмек: сөз төркіні”,
“Ел қазынасы – ескі сөз”, т.б. тұрақты айдарлары қалыптасқан.
ҚР Білім министрлігінің алқасының 1993 жылы 20 желтоқсандағы шешімі негізінде 1994 жылы шілдеде журналдың ғылыми тәлім-тәрбиелік “Ұлағат” қосымшасы жарыққа шыға бастады. Бұл тек Қазақстан емес, Орталық Азия республикалары бойынша ғылыми-психологиялық және педагоикалық мәселелерге арналған тұңғыш басылым. 2001 жылы басында, журналдан орыс мектептеріне арналған республикалық ғылыми-педагогикалық “Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде – Казахский язык и литература в русской школе” журналы бөлініп шықты. Ұлағат — еліміздегі ұлттық тәлім-тәрбие мен мінез-құлық мәселелеріне арналған ресми тұңғыш журнал. ҚР Білім мин. алқасының 1993 ж. 20 желтоқсандағы шешімі негізінде “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналының қосымшасы ретінде 1994 ж. шілдеде алғашқы саны жарық көрді. Қаржы тапшылығына байланысты 1994 ж. тұңғыш саны шықса, 1995 ж. үш саны, ал 1996 — 97 ж. екі-екіден біріктірілген төрт саны, 1998 ж. не бары үш саны оқырмандарына жетті. Тек 1999 жылдан бастап екі айда бір рет жарық көріп келеді. 2005 жылдың 25 тамызынан өз алдына бөлек журнал ретінде қайта тіркеуден өтті.
Журнал қазақ тілінде шығады. Басылымның мерзімділігі-айына бір рет. Қағаз форматы-84 × 108 1/32. Көлемі-144 бет. Мұқабасы түрлі-түсті, парақтары қара-ақ.