Қазақ тілі ғажап тіл!
блог
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жүйелі түрде қазақ тілінде сөйлеуге шақырамын.Мысалы, күнделікті тұрмыстағы зарядка,такси,холодильник,машина т.с.с.сөздерді қазақ тілінде айтсақ несі айып.Біз сонда ғана ана тіліміздің дамуына өз үлесімізді қосқан боламыз ғой. Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін дейді ғой.Өзге тілді үйренген әрине керемет.Бірақ үйренген осы екен деп өз тіліңді орға жығып,ұмытып кетсең жарамасы анық.Бабалар аманатына айналған қасиетті тілімізді қастерлей отырып келешек ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізсек нұр үстіне нұр ғой.
Мен мейлінше зарядка деген сөзді қуаттағыш,таксиді ақылы көлік,автобусты қоғамдық көлік,Пробка-көлік кептелісі,пешеход жаяу жүргінші өткелі т.с.с. сөздерді тек қазақша айтамын.
Езу тартып күлетіндерде бар,сен оралмансың ба?деп сұрақ қойғандарда табылды.Қазақ тілінің болашағы сіз бен біздің қолымызда. «Көп түкірсе көл» деген ғой.Ал сіз мен айтқандарды құп көріп,шама-шарқыңызша қазақ тілінің ғажайыптарын күнделікті тұрмыста қолдануға дайынсыз ба?!