Қазақ тілі

Қазақ тілі
жеке
блог

Қазақ тілі

 

Жүрекпенен түсінсе бұл жамағат,

Қазақ тілі - ғанибет, бір ғаламат.

Тіліміздің тағдыры тарих пенен

Ана тілде жазылған жырға аманат.

 

Демеңіздер "тілді жүр кім бағалап?",

Талаптылар талпынар шыңға қарап.

Сол секілді жалынды жыр бар кезде

Жанып тұрған жастар да шыңдалар, хақ.

 

Қазағымның қайратты қаны бөлек,

Жанары отты, өзгеше, түрі де ерек.

Бойымызда барында қазақылық

Өлген жоқ та, өлмейді, тілі демек!