Қазақ тілі – туған тілің, тірегің.
Қазақпын деп соқса егер жүрегің.
Қазақ тілі жолды бастар шамшырақ
Болашақта болса егер тілегің.
Қазақ тілі – абыройың, беделің
Сұм заманда осы болар сенерің.
Туған тілді қорсынбайсың ешқашан
Егер саған қымбат болса өз елің.
Қазақ тілі неткен сұлу , ғаламат,
Өзге тілді не қыласың жағалап.
Қастық қылып, тұнық тілді лайлайсың
Саған тілің не жазып еді, ей, қазақ !?
Қазақ тілі – ұлт тағдыры, ел мұраты.
Қазақ тілі - ата – баба ұлағаты.
Қазақ тілі – Абай, Мұхтар жазып кеткен
Қазақ дейтін халықтың төлқұжаты.