Ақтарайын ішімдегі сырымды,
Сүйіп өтем мәңгі ана тілімді.
Қазақ тілін сақтау үшін мәңгіге
Небір боздақ,ағаларым қырылды.
Бабаларым осы жолда тер төккен,
Аналарым осы тілде сыр төккен.
Осы тілде небір ғалым,даналар
Ақындарым жүрегінен жыр төккен.
Тілім менің-аманаты бабалардың,
Тілім менің-тірегі ол намыс ардың.
Әрбір адам өн бойынша өз тілі,
Ақ сүтімен дариды аналардың.
Тілім менің-ұлтымыздың тірегі,
Ұлт болуға тіл ғой басты керегі.
Қазақ тілім шұбарланса егер де,
Мұңаямын,сыздар менің жүрегім.
Өзге тілдің көлеңкесін паналап,
Қаншама жыл тұсауында қамалдың.
Енді,міне,тәуелсіз боп асқақтап,
Мемлекеттік тілге бүгін айналдың.
Мемлекеттік тілім менің-қазақ тіл,
Тар жол тайғақ кештің небір азап күн.
Енді,міне,мәртебелі тіл болып,
Желбіреттің көк байрағын азаттың.
Сүйем,сүйем,қазақ тілін сүйемін,
Қазақ тілі шұбарланса күйемін.
Қазақ тілі мәртебелі тіл болып,
Асқақтаса,осы менің тілегім.
Әрбір ұлттың мемлекеттік тілі бар,
Тіл болмаса ұлт та мәңгі жоғалар.
Ұлтым деген әрбір адам жүрегі,
"Ана тілім,жаса мәңгі"деп соғар.
Мемлекеттік тіліммен мақтанамын,
Осы тілмен атады әрбір таңым.
Мәртебесі биіктеп,асқақтаса,
Рухым асып,қуанып,шаттанамын.
Қазақ тілі мәртебесі елімнің,
Келешегі мәңгі болсын тілімнің.
Қазақ деген мәңгілік ел тұрғанда,
Болашаққа қадам басар,сеніммен.
27 жыл мерейтойың құтты болсын,
Болашағы тілімнің нұрға толсын.
Әрбір ұлт қадірлесін қазақ тілін,
Бабалар аманаты-ғажап тілім.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл боп өмір сүргелі,
Бәйшешек пен қызғалдақтар 27 гүлдеді.
Анашымның мына байтақ елі менен жерінде,
Мәңгілік ел,мәңгілік тіл мәңгі өмір сүреді.