Қазақ телевизиясында креатив жоқ…
блог
Белгілі тілші, “Хабар” агенттігінің журналисті Жайна Сламбекпен болған сұхбат:
-Сіздің жүргізген ең алғашқы бағдарламаңыз?
- Мен жаңалықтар қызметінің тілшісімін. Және бұл өз таңдауым.Жаңалықтар қызметінің қазанында қайнаған репортер, уақыты жеткенде журналистиканың кез-келген саласын бағындыра алады деп есептегендіктен. «Дұрыс есептеппін» деп ойлаймын. Алайда «13 минут», «Қазақтар» жобаларын игеруге қатыстым, жаңалықтар және жаңалықтар аясында тікелей эфирлер жүргіздім. Бағдарламаға келсек, «Бұл-Астана» хабары.
-Сіздің шебер журналист болып қалыптасуыңызға өз еңбегін тигізген қай ұстаз?
-Шеберлікті ешкім еге алмайды. Шеберлік білім, ізденіс, құлшыныс, намыс және өзіңді жақсы көруден пайда болады. Рас, білімнің биіктеріне жетелеген ұстаздар немесе керісінше, таяздығына қарап, оның деңгейінен асып түсуге итермелеген мұғалімсымақтар кездесті. Соңғысын қайтеміз, қазір ілтипатпен Дихан Қамзабекұлын, Амантай Шәріпті, сондай-ақ, филология факультетінен келіп тәлім берген Өмірзақ Әбділманов сияқты бірқатар оқытушыларды айтып жүремін. Осы үш ұстаз Алаш қозғалысы, ағартушылық, жиырмасыншы ғасырдың басындағы «ояну» процесі сияқты таған іспетті базалық ұғымдарды санама сіңіріп берген.
-Қазіргі жас журналистерге көңіліңіз тола ма?
-«Жас толқын анадай ғой, мынадай ғой» деп кісімсімей-ақ қояйын, тек бір нәрсе – білім жетпейтіні, сауаттылықтың аздығы байқалады.
-Қазақ телевидениесіне не жетіспейді?
- Қазақ телевизиясында креатив жоқ. Көрерменді өткен ғасырдың стандарттарымен «өлшеу» ұят, обал. Тіпті ұлттық қауіпсіздікке орасан нұқсан келіп жатыр…
Сұхбаттасқан Гүлжан Серік