Қазақ телеарналарының келбеті.

 Қазақстанда "көгілдір экранның" сәуле шашқанына да жарты ғасырдан асты. Осы жылдарда ол техникалық жаңғыру, шығармашылық күштердің өсіп, толысуы жағынан да сан белесті бастан кешті. Ең алғашқы салмағы жүз келідей тұратын ауыр камералардан, тұтас залдарға әрең сиятын телеаппараттардан бүгінгі шағын, қолайлы, сапалы, сан қилы мүмкіндігі бар сандық телевизияға дейін өзгеру, өсу дәуірін кешкен Қазақ телевизиясы шығармашылық жолдың да талай белесінен өтіп, бірнеше ұрпақ үлес қосқан іргелі де ірі, жан-жақты толысқан, халқымыздың ақпараттық рухани қажетін өтеп отырған қуатты күшке айналды. Ағайынды Льюмерлердің техникалық жаңалығы кино өнерінің тууына жол ашса, телевизия техникасы да қазір бүкіл әлемді аузына қаратқан жаңа өнердің туып, дамуына әсер етті.

Телевизия - туған күнінен бастап адамзатты таңырқатып келе жатқан құбылыс. Ол техникалық жағынан қиял жетпес мүмкіндіктерді ашып, көз ілеспес жылдамдықпен, адуынды қарқынмен жаңғырып, дамып келе жатса, жана өнер ретінде бүгінгі күнге дейін жетті.

 Қазақ телеарналы ішінде бала күннен есте қалған "Еларна", "Қазақстан" арнасындағы "Мүмкін емс" және "Айтуға оңай", "Әйел бақыты" бағдарламалары. Сан түрлі тақырыптағы айқай-шулы, маңызды сұрақтар мен экзклюзивті сұхбаттарымен есімде қалды. Өз студияларына "көкгілдір" еркектер мен адам жегіш адамдарды, бомыждарды, үйсіз-күйсіз жүрген қайыршыларды, адамилық бойында сақталған қайырымдылық көрсеткен адамдар мен құлдықтағы тағдырларды, әйел мен еркек теңдігі тақырыбында бірнеше теңкеріс жасағаны мәлім. Сонымен қоса, шешілмеген істердің шешімі мен жауапсыз жүрген сұрақтың жауабы табылып, елге пайдасы тигені рас!



Бөлісу: