Қазақ "тектіге тентек тең емес", "тең теңімен",-деп бекер айтпаса керек.

Қазақ "тектіге тентек тең емес", "тең теңімен",-деп бекер айтпаса керек.
жеке
блог

Қазақ "тектіге тентек тең емес", "тең теңімен",-деп бекер айтпаса керек. Бірақ намыссыз адамдардың өзі намыстыны ұнататыны анық.

Туралықтан тайып, ұяттан безсе де арына кір жұқтырмай пәк ұстаған қызды алғысы келеді. Осы әділдік пе? Бұл әділетсіздік қой. Неге сен өзің секілді иманнан жұрдай аруға жоламадың, Саған лайық өз теңің сол емес пе еді? Әй, қойшы. Сен бәрібір менің айтқанымды елемейсің. "Менде жұмысың болмасын, не оттап отырсың",-дейсің. Мейлі. Айта бер, қалауыңша айт. Оған да көндім. Жаңағы саған лайық түнгі клубтың ханшайымы да бұл әңгімені ұнатпайтынын білемін. Ойға салмақ салар сөз айтсаң, ол да сен сияқты ашуланып, шапшып шығады. Айтатыны мынау: "Менің өмірім өз қолымда, қалай өткізу де өз еркімде",-дейді. Оған менің дауым жоқ. Расында өз өмірлерің өз қолдарыңда. "Адам өз өмірінің суретшісі" емес пе? Қағазға қандай сурет салсаң сондай бейне шығады. Ал сендердің еңбектеріңе (өмірлеріңе) қарасам түк түсінбедім. Мән-мағынасыз әйтеуір бірдемелерді сала беріпсіңдер, сала беріпсіңдер. Адам қызығарлықтай мынауы керемет дейтін, ештеңе таба алмадым.
Сөйте тұра, өзіңде жоқ адал ниетті, жылы сөзді, көркем мінезді болашақ жарыңнан іздейсің. Осы дұрыс па?
Сондықтан "Жібекті іздесең, өзің Төлегендей ақылды, Төлегенді іздесең Жібектей жұмсақ бол".

Авторы:Нұржан Жақсылық