Қазақ шырақты қай кезде жаққан?
блог
«Шырақ жанған түн». Шынымды айтсам, қойылым да, қойылымның аты да ұнамады маған. Атақ-абырой, мансап, кәсіп қуған ерімен ренжіскен Нұргүл үйден кетіп қалады.
Көшеде қайдағы жоқ марстан келген бір кейіпкер пайда болады. Ол марстағылар қатты сөйлемейтінін, бір-біріне ауыр сөз айтпайтынын айтып, жердегі адамдардың бәрін сүйетінін айтып бөседі. Нұргүлдің күйеуі келіншегінің кету «құрметіне» сол түні шырақ жағады (маған әсіресе ұнамаған жері осы). Жарық жөндеуге келген жігіт жақпаңыз, жаман ырым дейді. Рас қой, (ауыр болса да айтайын) қазақта шырақты кісі өлімі шыққан үйде өлік жуылған бөлмеде жағады. (Өмірден білем, әкем қайтқанда солай қырық күн шырақ жағып қойғанбыз, бала болсам да сол есімде қалған)
Сондай-ақ, әйелі кеткен күйеу көршісі мен жарық жөндеуге келген жігіттің (менің де) миын ашытып пәлсападан соғады. Көрерменге қандай әсер бергенін білмеймін, бірақ менің ішімды пыстырып, әбден жалықтырды. Өтірікке құрылған қойылымнан айырықша әсер алдым дей алмаймын.
P.S. Сіз бұл қойылымды көріп педіңіз? Көрсеңіз қандай әсер алған едіңіз? Мүмкін менің түйгенім дұрыс та емес шығар, бірақ өз ойым өзімдікі. (Артық кетсем кешірім өтінем)
Бүгінгі көрген қойылымым «Шырақ жанған түн» бір көруге болады, қайталап көретін қойылымдардың қатарынан емес екен деп топтап қойдым.
Ал ертең Ә.Рахимовтың режиссерлігімен «Ақын...Періште...Махаббат» симфоликалық драмасы қойылса, жексенбілік қойылымға «Сыған серенадасы» ұсынылады. Қапы қалмаңыз .