Қазақ репінің қазіргі қал-жағдайы қандай?!

Қазақ репінің қазіргі қал-жағдайы қандай?!
жеке
блог

                                         Қазақ репі туралы бірер сөз

         Қазақ репінің қазіргі халі қандай?! Дұрыс естідіңіз ҚАЗАҚ РЕПІ. Бізде де басқа елдер сияқты реп өнері дамып келеді. Жақсы жағынан немесе жаман жағынан да. Олай дегенімнің мәнісі мынада.  

         Осыдан бір ай бұрын шамасында «Хабар» арнасында бір ток шоуда Қазақ реперлері қазақты қазақтыңынан айыруда деп ортаға Шоқанды шығарып қойып айтысып жатыр екен.Жалғыз бұл емес «реп қазақтарға жат. Тіпті қазақтарға реп айтқан жараспайды»- деп айтылған пікірлер де баршылық. Сонымен қатар қазақ репінде мүлде тәрбие жоқ деген қатты айтылған пікірлер де жоқ емес. Бірақ біз неге жаман жағын ғана көреміз. Рептің ішінде де рептер бар. Айтқым келгені тыңдауға болатындар.

         Мысалы: Жақаудың қарындастарға, хиджабтағы қыз деген рептерін алсақ тәрбиесіз онда айтылған ештеме жоқ. Керсінше қыздарды иманды болуға, қысқа киінбеуге шақырады.

        Шоқанның «Пердесіз реп»-ін алсақ ащы шындықты ғана тыңдай аламыз. «Достық» репі де тамаша айтылған. Осылдарды тыңдасаң қазақ репінің жағдайы жаман деуге аузың бармайды.

        Ал теріс жақтарын айтар болсақ, Шыңғыстың рептерін ата анаңмен бірге ешқашан тыңдай алмайсың. Өздеріңіз де тыңдап көрген шығарсыздар. Бір рептен кем дегенде екі анайы сөз табуға болады. Егер Шыңғыстың «Тағдыр» әнін тыңдасаңыздар кәдімгідей жүрегіңіз ауырады.Сондағы айтпағым «оның қолынан жақсы рептер де шығады, бірақ неге соны шығармайды екен».

        Жалпы қазақ репін екіге бөлер ем. Біріншісі: тыңдауға лайықты. Ал екіншісі: кешірерсіздер тыңдауға лайықсыз. Тыңдауға лайықсыз рептердің ішінде 60%шындық жатыр.Сол шындықты анайы сөздерсіз жеткізсе нұр үстіне нұр болар ма еді.

         Жалпы өз басым рептерді өте қатты тыңдаймын. Әрине кей рептерді қоспағанда. Ал сіздің қазақ репіне көңіліңіз тола ма? Немесе реп тыңдайсыз ба?