Қазақ поэзиясының патшасы
блог
Қазақ поэзия əлеміне шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген, кәусар сезім мен таусылмас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлай білген, көптеген тақырыптарға қаламын сермеген мұзбалақ ақын – Мұқағали Мақатаев қазақ халқының жүрегінде ойып тұрып орын алғаны сөзсіз!!! «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Ол ғажайып ақындардың бірі және бірегейі болып қала бермек. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұртшылықтың жүргенін мызғымас орын алып қуанышын да, қайғысын да бөлісетін жан серігі болуда. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өз халқына ешқашан сөнбейтіндей мұра, баға жетпес асыл қазына тастап кетті. Бұл ақынның патриоттық сезімге тәрбиелей алатын өлең шумақтары мен махаббаты, сүйіспеншілі мен жасампаздығын бейнелейтін баға жетпес поэзиялары! Буырқана шабыт иесы жырламаған тақырып жоқ шығар, сірә. Әр жылдарда шыққан том-том өлең жинақтарындағы жүректі тулатып, тебірентер жырларына көз жүгіртсеңіз, сусыныңыз қанып, бойыңызға қан тарайды. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа белестерге шығарып, мазмұнын байытты. Аз ғана ғұмыр кешсе де, ғасырға белгісіз жауһары бар алтын көмбені халқына мирас етіп қалдыра білді.
Хан Тәңірінің мұзбалағы, қазақтың қара өлеңіның құлагері, поэзияның егізі бола білген Мұқағали Мақатаев торқалы 90 жаста. Бұл әрбір жүрегі қазақ деп соғар адамзат баласы үшін атаулы мереке, ұлан-асыр той!!! Шынайы сезімді бейнелейтін оның әр поэзиясы шын шабыт пен шынайы талпыныстан туған. Қазақ поэзиясының шынар биігіндегі ұлы тұлға, қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдыз Мұқағали Мақатаев атамыздың әсерлі өлеңдерін тыңдар, әр сөзін санасына құятын жас ұрпағы тұрғанда өрнекті өлеңдері мәңгі жасап, ақын есімі ел есінде мәңгіге қалмақ!