Қазақ өнерінің жанашыры-Сәкен Майғазиев!
блог
Қазір ғана «Хит ТВ» арнасынан Сәкен Майғазиев пен «Арай» тобының орындауындағы «СЕН» атты әннің бейнебаянын көрдім. Трек нұсқада түсірілген сапалы клип, өте сәтті шыққан. Бравооо! Клипке қысқаша тоқталып өтер болсам, заманауи үлгіде түсірілген. Сәкен стилді киінген, көзіне қара көзілдірік тағып, « Красавчик» болып тұр. Клиптегі бейнесін көрсең құдды бір үйленбеген, бойдақ жігіт сияқты. «Арай» тобының жігіттері де «базар жоқ » киініп алған. Шет елдің «менмін» деген бетке ұстар бейнебаяндарынан кем емес. Ән клубный вариантта жазылған. (көрмегендеріңізге айтарым, «Хит ТВ» арнасын қарап, күтіңіздер. Күніне 8-10 рет көрсетіліп жатыр) Осы әнді о баста тыңдай салып, жүрегіме жақын қабылдадым. «Қазақтардың қолынан іс келмейді. Олар үшін шоу-бизнестің ауылы әлі алыс. Әзірше той-бизнесте жүре берсін» деп көкірек керіп жүрген типа «Қазақстандық» әншілер үшін, бұл бейнебаян керемет жауап болды.
Соңғы кездері Сәкен мырза өзінің жеке шығармашылығына мықтап ден қойып жүр. Репертуарындағы әндерінің санын арттырып, жаңа бенейбаянын жарыққа шығарыпта үлгерді. «Асыл Ана» атты әні тамаша! Сол әнді ести қалсам Шымкенттегі анамды қаттыыыыы сағынып кетемін. Алғаш Алматыға келген жылдары Сәкен аға осы әнді репертуарына енгізіп, студияда жаңадан жазып біткен еді. «Асыл ана» әнінің алғашқы тыңдармандарының бірі менмін. Бірінші рет естігенімде анама деген сағынышымнан көзіме еріксіз жас алғам. Содан бері 3 жылдан аса уақыт өтті. Бұл ән менің ұялы телефонымның ең «хит әні». Ол музыкалық бөлімде 3 жылдан бері «ГҮЛ» болып тұр. Ести-ести құлағымды жауыр еткендерін өшіріп тастап, басқа әндер енгізсем де, «Асыл Ана» әні ешқашан өшкен емес. Араға жылдар салып,аталмыш әннің бейнабаянында көрдік. Сәке, әнде, клипте тамаша!
Сәкен жалпы тек «өзім» деп қалған адам емес. «Өнер баршаға ортақ қазына. Өз ұлтымыздың өнерін насихаттау үшін жұмыла еңбек еткеніміз абзал болар. Біреудің талантын қызғанып, біреудің дарынына шектеу қойып, көреалмаушылық танытқанша, бар нәрсені көрсетіп, жоқтан бар жасай білейік» деген болатын, Майғазиев мырза бір сөзінде. Мұның бір дәлелі ретінде айта кетейін опера жанрында ән айтатын төрт жігіттің басын құрап «Парасат» деген класиикалық әндер орындайтын топты шығарды. Құрылғандарына көп болмаса да , топ қоржынында 7-8 әндері, «Конфесса» деген Италиян әніне түсірілген бір бейнбаяндары бар. Шынында да қазақ өнеріне осындай жаңашылдық қажет-ақ. Соны айтқызбай түсінген Сәкеннің үнемі ізденіс үстінде жүретіндігі көрініп тұр. Сонымен қатар «До-Мажор» атты топқа ағалық ақылын айтып, қажет болса қаржылай көмегінде беріп жүр. Мына заманда біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсетіп, қанатының астына алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мұндай кеңпейілділік сахнаны серік еткен жандардың көбінде жоқ. Керсінше «өзім болсам, өзім толсам» дейтіндер баршылық.
СӨЗ СОҢЫНДА АЙТАРЫМ, ҚАЗАҚ ӨНЕРІН ӨРКЕНДЕТУГЕ АТ САЛЫСАМ ДЕЙТІНДЕРІҢІЗ БОЛСА, МАЙҒАЗИЕВ СӘКЕН ҚОРДАБАЙҰЛЫ СИЯҚТЫ ЕҢБЕК ЕТІҢІЗДЕР! АҒА, ӨНЕРІҢІЗ ӨРЛЕП, ШАБЫТЫҢЫЗ ШАРЫҚТАЙ БЕРСІН! АЛЛА ЖАР БОЛСЫН! СӘКЕНДЕЙ ҰЛЫ БАРДА ҚАЗАҚ ӨНЕРІ БИІККЕ КӨТЕРІЛЕДІ. СЕНІҢІЗДЕР!!!