Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына Қазақ хандығының құрылуынан бастап, тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдерді қарастыра аламыз. Орта ғасырлардағы қазақтардың мемлекеттілігі қазақ халқының пайда болуына, сақталуына және дамуына қолайлы жағдай жасады. Мемлекетіміздің қазақ хандығының Орталық Азия елдерінің, Еуразия жүйесіндегі тарихи тағдырында алатын орны ерекше. Қазақ хандығының саяси өмірі күрделі екені анық. Қазақ хандығы бір жарым ғасырдан астам уақыт ішінде өзінің кең аймағында көп нәрсені анықтап, тұрақты өмір сүрді және әрекет етті. Еліміздің тұтас мемлекет болып қалыптасуында үлкен тарих жатыр. Яғни, түгел бір эволюциядан тұратыны бәрімізге дерлік белгілі. Мемлекет болып қалыптасуға ғасырлар, жылдар, көптеген уақыттар қажет болғаны жалған емес.
Хандықтың құрылуы ХV ғасырдан бастау алды. XVIII-XIX ғасырлар арасындағы ұлт-азаттық көтерілістер ұлтымыздың келешегі үшін жасалынғаны рас. Әр түрлі революциялық төңкерістер болды, мәселен Ақпан, Қазан төңкерістері. 1917 жылы Алаш партиясы алғашқы қазақ партиясы болып құрылды. Партияның басшылары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді қазақ зиялылары болды. Сонымен қатар алаш қайраткерлері алғаш рет «Қазақ» газетін жарыққа шығарды.
Біртұтас қазақ ұлты - бұл алғашқы қазақ мемлекеті, хандықтың қарқынды өмірі мен дамуының жемісі десек қателеспейміз. Сол заманнан бастап «Қазақстан» деп аталған мемлекеттің шекараларын ең мықты өкілдер ұсынған қазақ билеушілері қорғады. Қазақ елінің дербес мемлекет болып қалыптасуы тікелей халықтың сүйегіне таңба болып салынып, қаны мен теріне мықтап сіңген. Қарапайым халық пен батыр бабаларымыздың арқасында, еліміздің тәуелсіз шекарасы қанмен сызылды. Қазақстанның Ресей империясына қосылу кезеңі және Ресей үкіметінің билікті қолдарына алып, еліміздің зиялыларымен қатар, қазақ деген ұлты жою мақсатында жұмыс жасағандарын білеміз. Осы кезеңде Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін көптеген көтерілістер болды. Десе де, еліміз алдымен патша билігінен, сосын КСРО-ның қол астынан шығу арқылы егемендік алды. Бірақ, сол егемендікке дейін, еліміз біраз нәрселерді бастан кешірді десек еш қателеспес едік. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісін еске алсақ, өте аянышты оқиғаға толы. Студенттер, қазақ жастары, өз өмірлерін құрбан етті. Қазақ ұлты өз мемлекеті үшін күресіп, біраз жастар «ұлтшыл» деген атаққа ие болып, өмірлерінен айырып қалды. Бірақ, олардың батылдығы мен батырлығы еш ұмытылмайды, біздің есімізде, санамызда.
Қазақ қоғамы сонау хандықтан бастап, осы тәуелсіздікті жеңіп алам дегенге дейін көптеген қиыншылықтардан өтіп, Қазақстан мемлекеті ретінде қалыптасып отыр. Еліміз тәуелсіздік құрметіне орай, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткен болатын. Бұл еліміз үшін тарихи маңызы бар оқиға болып табылады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің конституциялық заңы қабылданғаннан бастап, Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесін осы ХХ ғасыр аяғында қалыптастырып, демократиялық ел атағын алды. Бұған қоса өзінің тұрақты экономикасын құрастырып, елдің және халықтың жағдайын жақсартып, дамушы мемлекеттер қатарына кірді. «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегиялары басшылыққа алынып, елдің дамуына өз әсерін тигізді. Халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі бар табысты мемлекетіміз, әлем деңгейінде өзінің ойып тұрып орнын белгілеп, дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін жұмыстар атқаруда. Көптеген қиыншылықтан өтсе де, еліміз Қазақстан мемлекеті ретінде дәл қазіргі уақытта нық өмір сүруде.
Тәуелсіздік үшін күрес босқа кетпеген шаруа екені шындық. Сондықтан да, сол тәуелсіздікті сақтау үшін жалындаған жастар елдің жарқын болашағы үшін қызмет атқаруы тиіс. Сүйегін қазық қып қағып, қанымен шекара сызған ата-бабамыздан мирас боп қалған, ұшқан құстың қанаты мен шапқан тұлпардың тұяғы талатын ұлан байтақ Ұлы тәуелсіз жазық даламыз – біздің мақтанышымыз, әрі саф алтындай таза мұра ретінде келер ұрпаққа табыстар киелі мұрамыз болып табылады.
Болат Сайлан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д.
Анар Әшімбай, 1-курс студенті