Қазақ қызының тамаша бейнесі (байқау)

Сәлем! Сәлем! Сәлем! Әне- міне дегенше, байқаудың ортасына да келдік. Ал мен мақсатыма Массагетпен бірге бір табан жақындадым.

Бүгінгі күні актриса өнеріне қызуғышылығымды тудырған, пір тұтатын адамым, қазақ киносында айы оңынан туып, көрерменге мейлінше танылып келе жатқан жас актрисалардың бірі – Әлия Телебарисова жайлы болмақ. Әлия Телебарисованың негізгі өмірлік қағидасы: өзің жан-тәніңмен жақсы көретін жұмыспен айналысқаннан бөлек, жан-жақты дами білу де қажет. Сол себепті, актер бола тұра тоқтап қалмай, одан әрі білімін жетілдіру үшін Қазақ-Американ университетіндегі халықаралық қатынастар бөліміне оқуға түскен. Әлияның аз уақыт ішінде өте үлкен жетістікке жетіп, биік белестерді бағындырып үлгергеніне таңғаласыз. Жасы 21-де болса да, оның 2011 жылы «Мисс Алматы» атағын жеңіп алғандығын көп кісі біле бермейді. Одан бөлек, жапондық компанияның таңдауына ілініп, ұзақ уақытқа дейін Әлия бейнеленген жарнама бүкіл жапон қалалаларында ілулі тұрған. 2013 жылы талантты қыз актерлік өнерін шыңдау үшін мұхит асып, АҚШ-тағы Нью-Йорк кино-өнері академиясына барып дәріс алған. Әлияның алғаш толық метражды фильмі ретінде «Жаужүрек мың бала» фильмінің түсірілімі Әлияға үлкен тәжірибе әкелген. 50-ден астам қыздардың арасынан кастингтен таңдауға іліккен Әлия, фильм түсірілімі басталғанға дейін бірнеше ай бойы атқа шабуды, садақ атуды, тіпті қылыштасуды да үйреніпті. Актриса қыздың айтуынша, дайындық кезінде сырқаттанбаған актер қалмапты, ауа райының кенет өзгеруі актерлердің денсаулығына өте ауыр салмақ салған екен. Ал өзі аттан құлай жаздап, тек Жайдок есімді каскадерлердің басшысы арқасында ғана аман қалыпты. Жеткен жетістіктері мол, Қазақтың қызына лайықты мінездері де аз емес. Бұл кісі менің өмірлік кумирім.


Махаббат-Ұлы сезім, қайталанбас сезім, нәзік сезім, жаныңа маза бермес дертті сезім!!! Сол асыл сезімнің шыңына тек қол ұсатасқан екі ғашық жандар ғана шыға алады. Құрбымның "жауапсыз махаббаты" жайлы аңгімесін тыңдап, осы аптада махаббат жайлы ізденуді жөн көрдім.


Махаббатты ләззат деп қана түсінген пенде қайғы-қасірет,зар мен сор ғана әкеледі. 

                                                                                                   В:А:Сухомлинский

Адамшылықтың алды-махаббат, ғаділет сезім. 

Абай

Махаббат – зор саналылықтың, білгір – білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз дара ұғым.  

                                 Оралхан Бөкей

Махаббат қанаттандырады: біреуін – құсқа, біреуін – жарқанатқа.

  Конфуций

Достық пен махаббат – осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді.

                                                                                                         Ж.Поль


Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.

                                                                                                                             Толстой
Бізді біреу сүйгенде, өзгелерден артық екенмін деген ойға келуіміз мүмкін. Шындығында, адам махаббатын өзі жақсы болып, кеудесі кең болғандықтан ғана төгеді.

                                                                                                                             Толстой


Өмірде қашанда өлмеген және өлмейтін махаббат бар. Ол Аллаға, отанға, анаға, бауырға деген шынайы махаббат. Ия, келісемін махаббат - өмір көркі. XXI ғасыр тоғысында қыз бен жігіт арасында шынайы махаббат сезімі бар екеніне сенбеймін. Махаббатты ойыншық қылатындар миллиондаған. Ал адалдар санаулы. Қазіргі таңда, адал махаббатқа қарағанда, интернеттегі махаббат көбеюде. Отбасылық махаббат мәңгілік болғанымен, екінің бірінің проблемасына айналған қыз бен жігіттің махаббаты адал дегенге сену қиын. Бәлкім мен әлі шын ғашық болып көрмеген шығармын...


P.S Ал, сіз шынайы махаббатқа сенесіз бе?!



Бөлісу: