Қазақ қызының өмірлік кредосы.
Қазақ қызы кешке жалғыз жүрмесін, мәшиненің алдына отырма-сын, бөлмесіне бөтен жігіт кірмесін. Қазақ қызы өзіне тікелей қатысы жоқ көлденең жиын-тойға, туған күндерге, би кештеріне бармасын. Әр қазақ қызы оқуды абыроймен бітіріп, өз саласында мықты маман болсын. Қазақ қызы қазақша шешен тілмен, ағылшынша- орысша сауатты сөйлей білсін, компьютерді, өз құқын қорғауды толық білсін. Қазақ қыздары ұзын етек юбка киюді әдетке айналдырсын. Белді, кеудені, тізені көрсетпей тұратын әдепті әрі әдемі, қазіргі сәнге сәйкес қымбат киім киіп жүрсін. Әрбір қазақ қызы білімді, білікті, арлы жігітке 21-22 жасқа дейін тұрмысқа шығуы тиіс. Қасындағы құрбыларын “кәрі қыз” атан-дырмауға жәрдем беруі парыз. Қазақ қызы ажырасуды “өлім” деп білуі шарт. Әр қазақ қызы қазақ азаматына адал жар болып, оның ары мен намысының жәрдемшісі болуы керек. Әр қазақ қызы өзін елдің құт-берекесі, әр қазақ шаңырағының ырысы мен ынтымағы деп білуі тиіс. Әр қазақ қызы бала тауып, ұлдарын қайраткер, қыздарын ибалы қылып тәрбиелеуді өмірлік міндетім деп санасын. Әр қазақ келіні еріне ұнамайтын, енесіне жақпайтын әрекеттерді
жасамасын, оның әдебі мен ибасы шаңырақтың көркі.
Балалардың жүрегіне “Қазақстанда мемлекеттік тіл- жалғыз қазақтілі” деген түсінікті сіңірсін. Үйінде қазақ тілінде ғана сөйлесін.
Әр қазақ қызы өзінің отбасын ерінің туыстары мен жақындарыжиналатын құтты шаңыраққа айналдырсын.
Қазақ қызы кез-келген ер адамның алдын кесіп өтпесін, қариялар-ға сыпайы амандасып, көркем-мінез көрсетсін.
Қазақ қызы сіңлісін, қайын сіңлісін әдепті етіп тәрбиелесін. Әр қазақ қызы бесіктегі бөбегін бесік жырымен, қазақтың ертегі-лерімен, Йассауидің хикмет зікірлерімен өсіруі тиіс.
Қазақ қызы табаққа мүше салу, үйге келген қонақтарға сый-сыбаға беру, қайныларына сыбаға, сарқыт сақтау, абысынмен тату
болу дәстүрін орындауы шарт.
Қазақ қызы Қ.А.Йассауи негізін салған дәстүрлі исламды, қазақруханиятын қазақ шаңырағында тірілтуге міндетті.
Әрбір қазақ қызы тігіншілікті, дастархан мәзірін, бесікке балабөлеуді, үй ұстауды, қонақты жылы қабақпен күтуді өзінің
мақтанышы деп білуі керек.