Қазақ қызының өмірлік кредосы.
жеке
блог
блог
Қазақ қызының өмірлік кредосы.
- Қазақ қызы кешке жалғыз жүрмесін, мәшиненің алдына отырма-сын, бөлмесіне бөтен жігіт кірмесін.
- Қазақ қызы өзіне тікелей қатысы жоқ көлденең жиын-тойға, туған күндерге, би кештеріне бармасын.
- Әр қазақ қызы оқуды абыроймен бітіріп, өз саласында мықты маман болсын. Қазақ қызы қазақша шешен тілмен, ағылшынша- орысша сауатты сөйлей білсін, компьютерді, өз құқын қорғауды толық білсін.
- Қазақ қыздары ұзын етек юбка киюді әдетке айналдырсын. Белді, кеудені, тізені көрсетпей тұратын әдепті әрі әдемі, қазіргі сәнге сәйкес қымбат киім киіп жүрсін.
- Әрбір қазақ қызы білімді, білікті, арлы жігітке 21-22 жасқа дейін тұрмысқа шығуы тиіс. Қасындағы құрбыларын “кәрі қыз” атан-дырмауға жәрдем беруі парыз.
- Қазақ қызы ажырасуды “өлім” деп білуі шарт.
- Әр қазақ қызы қазақ азаматына адал жар болып, оның ары мен намысының жәрдемшісі болуы керек.
- Әр қазақ қызы өзін елдің құт-берекесі, әр қазақ шаңырағының ырысы мен ынтымағы деп білуі тиіс.
- Әр қазақ қызы бала тауып, ұлдарын қайраткер, қыздарын ибалы қылып тәрбиелеуді өмірлік міндетім деп санасын.
- Әр қазақ келіні еріне ұнамайтын, енесіне жақпайтын әрекеттерді
жасамасын, оның әдебі мен ибасы шаңырақтың көркі.
- Балалардың жүрегіне “Қазақстанда мемлекеттік тіл- жалғыз қазақ
тілі” деген түсінікті сіңірсін. Үйінде қазақ тілінде ғана сөйлесін.
- Әр қазақ қызы өзінің отбасын ерінің туыстары мен жақындары
жиналатын құтты шаңыраққа айналдырсын.
- Қазақ қызы кез-келген ер адамның алдын кесіп өтпесін, қариялар-
ға сыпайы амандасып, көркем-мінез көрсетсін.
- Қазақ қызы сіңлісін, қайын сіңлісін әдепті етіп тәрбиелесін.
- Әр қазақ қызы бесіктегі бөбегін бесік жырымен, қазақтың ертегі-
лерімен, Йассауидің хикмет зікірлерімен өсіруі тиіс.
- Қазақ қызы табаққа мүше салу, үйге келген қонақтарға сый-
сыбаға беру, қайныларына сыбаға, сарқыт сақтау, абысынмен тату
болу дәстүрін орындауы шарт.
- Қазақ қызы Қ.А.Йассауи негізін салған дәстүрлі исламды, қазақ
руханиятын қазақ шаңырағында тірілтуге міндетті.
- Әрбір қазақ қызы тігіншілікті, дастархан мәзірін, бесікке бала
бөлеуді, үй ұстауды, қонақты жылы қабақпен күтуді өзінің
мақтанышы деп білуі керек.