Қазақ қызы өзге ұлтқа қандай келін?

 

  Қыздарымыздың шетелдіктерге тұрмысқа шығуы, отанымызда бір өзекті мәселелердің бірі болып тұрғанына күмән жоқ. Бұл сөзіме статистика дәлел. Көптеген халық зиялылары, ел жанашырлары осы тақырыпты жиі қозғап жүр.

Ал кейбір адамдар бұған немқұрайлы қарайды. «Ол әркімнің өз шаруасы, араласпаңдар» дейтіндер де бар.

Менің ойымша, шетелдіктердің етегін ұстаған қыздарымызға дер кезінде ақыл-кеңес беретін жақындары болмады. Немесе, ақыл-кеңес дұрыс берілмеді. Ал, әлі тұрмыс құрмаған қыздардың ойында да «бір шетелдікке шықсам екен» деген талпыныс бар, жоқ олай емес дегеннің өзінде «ақшасы, жағдайы бар, шетелдік жігіт ұсыныс жасаса, неге қарсы болайын» деген ой болғандықтан.

Бұған қыздарымызды кінәлап отырған жоқпын. Осындай жағдай, қоғамда болып жатқан әр түрлі жәйттардың жемісі дер едім. Мысалы, теледидардан болып жатқан әртүрлі шетелдік сериалдар, интернет мүмкіндігі, әлеуметтік желілер, жанұясында ұлттық тәрбиені сіңірмеуі және т.с.с. Осы жаманы да жақсысы да бар, пайдалысы да, пайдасызы да бар сан алуан ақпараттар біздің жастарымыздың болмысын қалыптастыруда.

Нәтижесінде ол қыз бен жігіттің ұлты қазақ болғанымен, сана сезімі мен ой өрісі шетелдік; Себебі, «қазақтың ұлттық тәрбиесі, дәстүрі - ол ескілік, еш құндылығы жоқ»- деген ойы басым. Бұл жерде ғылым мен білімді айтып отырған жоқпын, ұлтымыздың рухани тәлім тәрбиесін айтамын.

Енді, шетелдіктерге тұрмысқа шығуға кетәрі емес қарындастарыма қандай қауіп бар:  

1)      Есі кіріп, ер жеткенге дейін жанұясында көрген қазақ халқына ғана тән

ерекшеліктерді енді қайтіп көрмейтін болады. Олар қонақжайлылық, үлкенді силау

және т.с.с

2)      Егер, шетелдік жігіт мұсылман болмаса, онда қарындасымның дініне де қауіп бар. Жігіт пен оның жақындары өз діне кіргізуге әрекет етуі мүмкін. Кәпір болып кету үлкен қауіп.

3)      Мүлдем басқа менталитетке тап болады, ұнатпаса да ол менталитетті қабылдауға мәжбүр болады.

4)      Негізінен қыз баланы қазақ халқы ерекше қастерлейді. Оны бәлкім білмейтін шығарсыз. Шетелдікпен тұрмыс құрсаңыз оған көзіңіз жететініне күмәнім жоқ.

5)      Туған жер, отан деген қазағымыз үшін қасиетті ұғым. Отан үшін қанша жігіт-қыздарымыз жанын берген. Отаныңнан жырақта болу. Оралғың келсе де мүмкін болмау қаупі бар.

6)      Балаңызды қанша тырыссаңыз да қазақ қыла алмайсыз, әкесі қай ұлт, балаңыз да сол ұлттың қатарынан.

7)      Шетелдік жігіттің қандай мақсатпен үйленгісі келетінін де нақты білмейсіз. Мақсаты орындалса, оған енді керегіңіз болмай қалады. Немесе өмір бойы оның саясатының құрбаны боласыз.

Шетелдіктер қазаққызын келін етуге ұмтылуы артында көбіне бір есеп бар дер едім.

Олар: тұқым тазалығына қызығу, Қазақстанда орнығу мақсаты, Көп елдерде  біздегідей тұрақтылық пен әлеуметтік жағдай жоқ, аңқаулық пен сенгіштікті пайдаланып кету және т.с.с. 

Осындай қауіптерден қыздарымызды сақтандырғым келген еді. 

Қыздарымызды қастерлейік, қорғайық жігіттер. Бәлкім өзіміздің оларды бағаламауымыз да бір себеп болар. Жүрегінде титтей иманы мен жанашырлығы бар, бауырларым ат салысыңыздар! 



Бөлісу: