«Жақында поездта отырып бір қызбен әңгіме дүкен құрдым. 26 жастағы бой десе бойы бар, ой десе ойы бар, әп-әдемі қыз. Бара жатқан жері Отар қаласы екен, себебі болса... Себебіне қатты көңілім түсті.
Қыс басталарда, Отар қаласына жұмыс іздеп келген екен. Еш танысы жоқ қала. Сонымен таң атпай ерте келген ол вокзалда автобустардың жүруін күтеді. Күтіп отырғанында жанына милиция формасында жас жігіт келіп, қайдан-не үшін келгендігін сұрап, қалаға бара жатқанын, жеткізіп тастай алатынын айтады. Формасына сенген ол сонымен қала жетіп алмақшы болады.
Жолда екеуі сөйлесіп, телефон нөмірлерімен алмасады. Қыз іздеп келген жұмысына келсе, ол жақта жұмыс орны жоқ боп шығады да, оған мектепте мұғалім боп істеудің орнына балабақшада тәрбиеші болу ұсынысы жасалады. Ол келісіп келген мұғалімдіктің 40 мың теңгелік айлығының орнына, балабақшада істеген жұмысына 30 мың тенге айлық төленетіндігі айтылады. Қыз жалдайтын пәтері мен тұрмысына жетпесін түсініп, еліне қайтады.
Күндердің бір күнінде алдында танысқан милиция қызметкері онын жағдайын білу мақсатымен телефон шалады. Оның еліне оралғанын есіткен ол, қайта келуін сұрайды. Оның жақсы таныстары бар екендігі мен сонда жақсы өмір сүре алатындығына көндіріп, қызды Отарға қайта қайтарады. Сөйсе, қызды өзіне ашына ретінде алғысы келіпті. Қыз оны ести сала, еліне қайтады. Оған сеніп келгені ашына болуы екені есіне түссе, күліп кетеді.
Үйіне жеткенде сумкасындағы дипломы мен жұмысқа тұруға қажетті құжаттарының жоқтығын аңғарып, ана кісінің алып қалғанын түсінеді....» (Сонында құжаттарын алып, аман-сау үйіне оралады, бірақ осыдан кейін әр еркекке сезіктенумен қарайтыны ап-анық!)
Сонымен айтар жайтым, еркектер әпке-қарындастарын бар болсын, болмасын; еліміз жақсы болсын десеңіз, болашақ өз қыздарын мұндай жағдайға душар болмасын десеңіз, қыздарды ашынаға айналдыруды, оларға немқұрайлы қарауды тоқтатайық.
Құрметті қыздар, жоғарыдағы мысал сендердің де құлақтарына сырға. Ешқашан, ешқандай, ешбір жағдайда еркекке сенбеңіз демеймін, сеніңіздер. Бірақ, сол сенімдеріңіз олардың сізге заң түрінде берілген сақинадан басталсын. Бұл өз қорғанысыңыз үшін, болашағыңыз үшін. Әрқайсыңыз осындай болсаңыз, еліміздің болашағы зор.