Қазақ қыздары өте сұлу...

Қазақ қыздары өте сұлу...
жеке
блог
"Красивые казашки"! Тоқтай тұрыңыз! Тоқтаңызшы, айтып болайын да. Орысша жазба жазайын деп тұрғаным жоқ. Құдайға шүкір санам тәуелсіз. Бабамның тілінде түс көрем. Айтпағым Ютубта әлгі атаумен аталатын яғни "Красивые казашки"-лар туралы видеолар шаш етектен. Келбеті келіскен қаракөздеріміздің суреттерінен құралған бұл видеоларды осы уақытқа дейін 119 мыңнан астам адам тамашалап тастапты! Әрқайсысының санағы әр түрлі әрине. Айтпақшы, ішінде сіздің қарындасыңыз не сіңліңіз сондай-ақ әпкеңіздің де суреті болуы мүмкін. Бұл видеолардың барлығын қазақтар ғана көрді деу шындыққа жанаспайтын шығар. Қытай, кавказ, орыстардың(т.б ұлттардың) зіңгіттей жігіттері қаракөздерімізге тамсанып, қазақтар сұлу екен, қатындыққа алайық деп айтпағанына кепілдік және бере алмаймыз. Несін жасырмыз, түрікпен қолтықтасып, қытаймен жымыңдасып, соларға тұрмысқа шығып жатқан қыздардың көбейіп келе жатқаны жанды жегідей жейді. Әлгіндей видеоларды көру арқылы артады олардың қазақ қыздарына деген құмарлығы. Сондықтан мұндай видеоларды жасауға тосқауыл қою керек сияқты. Жарнамалап қайтеміз қазақ қыздарын. Онсыз да олардың сұлу екенін білеміз. Алтындарымызды аялайық, қызғанайық. Ол қандай видео деп жатқандар үшін сілтеме төменде!