Қазақ комментаторларының үздігі

Спорт әлемінде де "кумир" деген сөз бар.Менің кумирім-қазақ футболының жанашыры Ермұхамед Мәулен ағам. Мен үшін еліміздегі комментаторлардың ең үздігі. Менің комментаторлық мамандыққа деген қызығушылығымды арттырған жан. Әрбір ойынға тың мәліметтерді жинап,шындықты әзілмен жеткізіп,кейде спортшыларды сынға алып жүретін біртуар азамат.

"Он голдың тоғызы пастан","Халк тепсе қалып теппес","Менің ойымша 37-ші минуттан кейін 38-ші минут болады"-деген әзіл сөздері естен кетпестей. Бұл сөздер қарапайым футбол қарамайтын адамдарға түсініксіз болуы мүмкін,бірақ,комментаторлар үшін,футболшылар мен футбол көрермендері үшін оның мағынасы тайға таңба басқандай.

Ағамыздың осыдан 6 ай бұрын "Комментатор күнделігі" атты тұңғыш кітабы жарық көрді. Кітапта өзінің өмірбаяны сонымен қатар комментаторлық жолға қалай келгендігі, осы жұмысты атқара жүріп бастан кешкен қызықты оқиғалары мен, жеткен жетістіктері жайлы айтылған. Кітапты оқи отырып керемет сезімге бөленесің.

Кешегі Сұлтанғали Қаратайұлы,Амангелді Сейітхан,Есей Жеңісұлы сынды комментатор ағаларымыздың бүгінгі жалғасы Ермұхамед Мәулен ағам.

Ермұхамед аға жайлы;"-Інімді талайдан танысамда,табиғатын енді түсінген секілдімін. Ізденеді. Ізденетіні ғана ұнайды десек тағы да қателік. Біз бағалайтын тұстары көп"-деп,атақты комментатор Амангелді Сейітхан ағамыз айтқандай аты да,заты да жақсы кісі. "Болмасаңда ұқсап бақ" демекші ағам сяқты комментатор болуға тырысамын. Және белгілі бір жылдардан кейін жоғарыдағы Амангелді ағамыздың айтқанындай меніде Ермұхамед аға мақта отырса екен деп армандаймын...



Бөлісу: