Қазақ көктемі
жеке
блог
блог
Бұратана халық атын иемденіп,
Өз жеріңнен орын таппай сенделіп.
Мінез-құлқың батылдықтан айрылып,
Өзіңді-өзің басқа ұлттан кем көріп.
Қазақ момын,қойдан жуас дегізіп,
Қазақ жалқау,еріншек онның сегізі.
Көре алмайтын,бере алмайтын және біз,
Қасиеттер қалды ма екенбізде ізгі?!
Құр сүлдері,тіл мен ділдің қалғаны,
Намысымыздың азайғандай салмағы.
Әттеген-ай,өкінішіміз өте көбейіп,
Шайналмаған,қалмай қолдың бармағы.
Құрып кеткен жоқ бірақ қазақ, күткендей,
Жүн болып та кеткен жоқ қазақ түткенге.
Жазылармыз барлық ауырудан,уақыт емші,
Қыстан кейін көктем келеді екен күткенге.