Қазақ қайда барасын?
блог
Ассалаумағалейкум.Қазіргі қоғамда болып жатқан біраз келеңсіз оқиғаларды тізіп,ой толғағым келіп еді.Адам баласы күннен-күнге азғындап,жауызданып барады.Ақ қараланып,қара бағаланып жатқан кезең.Бұрын жөзекше қыздарды естуші едік.Бүгінде “Қызуы мол құшағын сатам” деген,еркектер пайда болды.Өткенде “Мүмкін емес” бағдарламасын көріп,шошып кеттім.Бізде де “жөзекше еркектер” бар екен ғой.Әлгі жігіттермен бақытты күй кешкіңіз келсе,сағатына 300 АҚШ долларын береді екенсіз.Біреулер бұл қаржыны 1 ай маңдай терімен қиналып тапса,бұл имансыздар-1 сағатта табады.Көрінгеннің жыртығына құмар халықпыз.Осының бәрі Еуропа елдеріне еліктеген,орысша тәрбиеде өскен жігіттер-ау дим.Бір қызығы олар адам таңдамайды екен,қыз,әйел,кемпір дегендей. “Қойыны енді еркектің пұл тұрады,Ұятсыз әйел оған ұмтылады”,-деген екен.Жетіскен екенбіз.
Бүгінгі таңда “телевизор” деген пайғамбарымыз бар біздің.Ол не айтса сол рас.Телевизорда мағыналы нәрсе бар деп,кім айта алады?Мен бүтіндей телевизор көрмеңіздер,-деп жатқан жоқпын.Телевизордың ішіндегі атыс-шабысты көріп тұрып,жүрегінде иманы жоқ болған балдарымыз,біреуі Чингачкукке ұқсағысы келеді,біреуі Шварценеггерге ұқсағысы келеді,біреуі Ван Даммға ұқсап келеді.Сенің ата-бабаң кім еді?Сен қаяқтағы бақа-шаянға ұқсап жүрсің.Ван Даммың,Шварценеггерің кім бұл?Біреулер өздерінше “Ворь в законе” болмақшы.Е,өл!Сенің ата-бабаларың сұлтан болған,әмір болған,бүкіл әлемге ақиқатты енгізген.Қарақшыларды,ұрыларды құртқан.Ал сен,түбіңе жетіп жатқан қарақшы болғың келеді.А.Байтұрсынов айтпақшы: “Өзімізге өкпелемесек,өзгеге өкпелер бет жоқ”.
Қазақ жастары арасында-дүние талас,қыз талас көбірек кездеседі.Бір-бірін разборкаға шақырады.Кім ол сенің разборчигің?Ішкені арақ,шеккені наша болатын болса.Ол саған қайтіп дұрыс үкім шығарып береді.Былтыр саясатта жүрген бір ағамызбен сұхбаттасып отырғанмын.Ағамыз қайбір жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімін басқарып тұрғанда,бір корей миссионерінің ағамызға айтқан сөзі: “Егер,Қазақты ел десек,онда біз мұнда келер ме едік?Сендерді діні,ділі,мәдениеті,бірлігі жоқ жұрт деп есептейміз.Сондықтан мұнда біздер келдік.Жабайылардан ел жасауға,христиан елін жасауға”.Қазіргі күнге дейін бұл сөз менің жүрегімді тырнап жатқан сұмдық қайғының бірі.Ш.Мұртаза ағамыз айтқандай: “Қарнымыз тойды,енді қазақтар туралы әңгіме айтайық”.Абайдың бір сөзі бар: “Қазақтың бір ерекшелігі намысқой келетін еді,сол намысқойлығымыздан айырылып қалдық”,-дейді. “Ұлтқа қауіп төнсе дағы,көп қазақ,Ұйықтап жатты қазандай боп бастыры”.Қашанғы жақсы сөздермен халықты алдай бермекпіз.Әрқайсысымыз халқымыздың санасына ой салып,ертеңгі күн-түнек болмасын десек,ел игілігі үшін жұмыс жасайық.Қазақ руханиятына сөзімізбен болсын,мақаламызбен болсын өз үлесімізді қосайық,ағайын!