Қазақ жігітінің өмірлік кредосы.
жеке
блог
блог
Қазақ жігітінің өмірлік кредосы.
- Әр қазақ баласы өзін елдің иесі деп білуі тиіс.Қазақстан – қазақ ұлысы.
- Әр қазақ жігіті Президентке шын көңілмен берілсін.
3. Әр қазақ жігіті оқуды қызыл дипломға бітіруге тырысып, өз сала-сындағы ең мықты маман болсын. Оған Орталық Азияда тең келе-тін ешкім болмасын.
- Мемлекетке адал қызмет етсін, қазынаның ақшасын ысырап қыл-масын, кооррупцияға қарсы тұрсын .
- Қазақ жігіті Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Йассауи әулие негізін салған
дәстүрлі исламды, қазақ руханиятын білуге және өмірінде тұтынуға
тиіс.Фольклорды, салт - дәстүрді, бата беруді үйінде қолдансын.
- Әр қазақ жігіті қазақша шешен тілмен, ағылшынша, орысша сауатты сөйлей білсін, компьютерді, өз құқын қорғауды толық білсін.
- Әр қазақ жігіті тәулігіне 8 сағат кәсіби - ғылыми, әдеби кітаптар оқысын.
- Әр қазақ жігіті қазақ тарихындағы ақкөз батырлардың өмірін егжей-тегжейлі біліп, үлгі тұтсын. Қазақ ұлтынан шыққан мем-лекет, өнер, ғылым қайраткерлерін мақтаныш тұтсын.
- Өзге халықтардың мәдениетімен дініне көзсіз еліктеуін тоқтатсын.
- Өзге ұлтты кемсітпесін, басқа халықтардың мәдениеті мен дінін
сыйласын.
- Әрбір жігіт “Әр қазақ – менің жалғызым” деп білуі тиіс. Қазақ қызының біреуін ғана жарым деп, қалғанын қарындасым деп танысын.
- Әр қазақ жігітінің шаңырағында 10 бала өссін.
- Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Әрбір қазақ азаматы ұлы мен қызын орыс мектебі мен балабақшасына бермесін.
- Қазақ жігіті темекіден, арақтан, карта ойнаудан, жеңілтек қыздар-мен қыдырудан,түнгі клубтар мен дискотекадан,казинодан, бил-лиардтан түбегейлі тыйылсын.
- Студент қазақ жігіттері бірінші курстың жігіттерін туған інім деп қарап, қыздарына туған қарындасындай пана болсын.
- Әр қазақ жігіті жершілдік,рушылдық деген аурулардан айықсын.
- Қазақ жігіті ерте тұрып сабағына уақтылы келуі тиіс. Университет мұғалімдерін құрметтеп, тапсырмаларын сөзсіз орындасын.
- Қазақ жігіті базарда арба сүйреуді, құрылыста кірпіш тасуды, көше сыпыруды, қарауыл болуды ар санасын. Баспаналы, машиналы болуға ұмтылсын.