Қазақ жеріндегі діннің рөлі

Қазақ жеріндегі діннің рөлі
жеке
блог

        Қазақ жеріндегі діннің рөлі

Қазақ халқы арасындағы көне көз адамдардан бүгінде ағаш тотемнің құбылыстарын кезіктіруге болады. Осындай бір мифте: «Қазақ халқының ұғымындағы 18 мың ғаламды жаратушы «жасаған» бір «ғұмыр ағашын» егеді. Ағаш басындағы әрбір жапырақ тіршіліктегі бір адамның жанына, рухына «уәкілдік» етеді. Дүниеге бір адам келсе, бір жапырақ өніп шығады. Ал бір адам өлсе, бір жапырақ үзіліп жерге түседі. Үзілген жапырақ түсіп бара жатып, басқа бір жапыраққа соғылса, бұл жапырақ «уәкілдік еткен адам бір адамның өлгендігін естиді». Кейде, қазақ халқы: «орманаға сыйыну жөнінде, тәңірінің шапағаты ағашқа түсіп, ағашты биязы да сұлу бір қыз етіп жаратқан екен дейді. Енді бірде ағаш 9 бала туып, тоғызы тоғыз рулы ел болған екен» дегенді айтады.  Қазақ халқынан өзге ұлттарда ағаш тотемінің құдірет-характері біртіндеп өзгеріске түсе бастаған. Біреулерінде жалпы қорғаушы ретінде қаралса, енді біреулерінде шаруашылықты, тіршілікті меңгеруші ретінде қаралады. Ал, қазақ халқында ағаш тотемі бұрынғы мәнін, ежелден келе жатқан рөлін жойған емес.  Түрік тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бұрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес. Байбөрі, (Алпамыс батырдың әкесі, Құртқа қасқыр деген сөз. Қобыландының зайыбы) секілді аттар қазақтың әдеби мұраларында көп кездеседі. «Моңғолдың құпия шежіресінде» түрік монғолдар өздерінің шығу тегін әсем Марал, Бөрте Шонадан таралғанбыз деп есептейді. Шона қасқыр деген сөз. Бұл әпсананы – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында Сарыбай досы Қарабайдың көңілін қимай буаз маралды атып, киелі аңның зауалына ұшыраған. Ол сол жерде дереу дүние салып, жалғыз ұлы Қозының тағдыр қасыретпен тамамдалатынын хиқая сюжеті айқындап, маңызын аша, әрлендіре түседі. Көшпенділер сол себепті де Ақмарал, Шона, Қасқырбай, Маралхан, Бүркіт секілді есімдерді көп қолданған.   Осымен қатар, бұған ертеден қалыптасып қалған діни салт – сана, әдет-ғұрыптар (культ), мешіт, шіркеу сияқты діни мекемелер мен молда, қожа, бақсы, ишан, поп дейтін дін иелері, тарихи діндерде адамдар орындауға міндетті деп есептелетін моральдық, этикалық қағидалар жатады.  

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

2 курс студенті Аитқожаев М.Ж.

Жетекшісі : Кантарбаева Ж.У.

www.kaznu.kz