Қазақтар соның ішінде айтқыштарда бар, имамдар мен ақын-жазушыларда тіпті қарапайым адамдардың өздері де әлеуметтік желілеріне қазақ қыздары туралы пост көп жазады екен. Мысалы: "Қазақ қызы ұялмайсыңба?", "Қазақ қыздары арсыз,ұятсыз болып барады?" деген сияқты көп енді. Тіпті инстаграм, вконтакте-дегі ақылсымақ топтарда(группа) қазақ қыздарын ұяттап,жамандап пост жазып, соны жариялайды. Содан кейін оған ақылды жігіттер де қосылып, жамандай бастайды. Содан рахат ала ма екен? Мен де қарап отырмай сондайға араласып кетемін. Әрине, жамандамаймын, барынша қорғап, көбіне жауап қайтарып отырамын. Бұндай жерде қаракөздерді жамандап жатқанда, қыздар өзіміз қорғамасақ, жігіттерге бәрібір, тоқтамастан жамандап жазадығо шіркін? Бірінен соң бірі... Не үшін көбіне қазақ қыздарын даттап жаза береді? Қазақ қыздары арсыз деп жазады, оның арсыз болуы мүмкін ер адамға байланысты шығар? Себебі оған тәрбие беретін әкесімен ақыл айтатын ағасы бар емеспе? Міне соңында айналып келгенде ер адамға байланысты болды. Тағы бірі: "Қазақ қыздары шет ел азаматтарына тұрмысқа кетіп жатыр" деп тағы да даттайды. Меніңше, ол өз еркінде емеспе? Кімге шығатынын өзі біледі. Ең бастысы шын жақсы көрсе болды емес пе? Керім болса қазақ қыздарын жігіттер өздері алмайма? Сүйем,күйем деп екіқабат қылып тастап кетіп, басқасын жағалайды. Қазақ жігіттері қазақ қыздарына оңып тұрғандай-ақ? Қазіргі қазақ жігіттеріне қарным ашады. Қазақ қыздары кіндігін ашса, оларда қалыспай жыртық шалбар киіп, шаштарын бояп, сырғасын тағып қалыспай жүрген жоқпа? Тіпті оданда сорақысы, кішкентай сәби қыздарға зорлық көрсетіп, артынша өлтіріп кетіп жатқаны сонда арсыздық емеспе? Жігіттердің бұндай арсыздықтарының қасында қазақ қыздарының кіндігін ашқаны айналайын ғо. Қазақ жігіттері намысшыл, Отанын, қызын, елін қорғайды дейді. Қорғағаны осыма? Керісінше қорлап жатқан жоқпа, өз жігіттеріміз өз қыздарымызға зорлық көрсетіп.. Намысшылдығы осыма? Мен намысшыл жігіттер туралы тек кітаптан оқыппын, атамның аузынан естіппін. Бірақ көзіммен көрмеппін.