Қазақ жастарының 2015 жылдан кейінгі Әлемі

Қазақ жастарының 2015 жылдан кейінгі Әлемі
жеке
блог

Қазақ жастарының 2015 жылдан кейінгі Әлемі

Уақыт зымырайды…Қазіргі таңдағы жастардың көзқарасы бұрыңғылармен салыстырғанда жер мен көктей секілденеді. Социализмнің қызығы да шыжығын көрмеген тәуелсіз Қазақстанның жастары технология науқанына бұрылғандай.

Көптеген жастардың ойы қазіргі өмірімде не жетіспей отыр, қоршаған ортаға не пайдам тимек дегендерін тек ойлап қана қоймай, шынында да істерімен көрсетіп келетін жетістікке жетулері аз емес. Бірақ та ол аз. Жиырма бірінші ғасырдың артында қалмау үшін Отандық идеяларды қалыптыстыру қажет. Дәл айтқанда, Қазақстан қазір дамудың орта жолында ғана. Ал келесі жартысын тәмамдау үшін халқымыздың еңбекқорлығы, отансүйіспеншілдігі көрінуі тиіс. Әрбір адамзат Отан алдындағы, келешек ұрпақтар үшін жауапкершілігін сезініп қана қоймай, бір халық болғанымыздан көмегіміз бауырларымызға, көршімізге тию керек. Өйткені, бақытты өмірге жеткізетін фактор – өкіметтің қаржы байлығында емес, азаматтардың материалдық және рухани ризалығында.

Мінеки, көзін ашып-жұмғанша 2013 жылдан аттап өттік. Кеше ғана жаңа ғасыр алдында туған біттей ойын қуған балалар – енді елдің өркендеуіне үлкен де болмаса, маңызды ұлесін тигізетін жастар. Жастар – елдің көркі, сонымен қатар қозғаушы элемент ретінде арадай еңбек ететін бейнет көрушілер. Елімізді, әлемді ерекше бетбұрысқа бастайтын азаматтар осы жастар.

Менің ойымша 2015 жылдан кейінгі әлем екі түрлі болуы мүмкін. Біріншісі – бақытты, өкімет пен азаматтардың,  жануарлардың құқықтары сақталуда, әсіресе технология, транспорт жүйелері өзгеріске ұшырап,қарапайым еңбектің бағасы артып, кедейлік, криминал деген әлеуметтік мәселелердің азаю жолы. Екіншісі – бақытсыз, өкімет пен халық арасындағы түсініспеушілдігінен қатынасының шиеленісуі, сол жағдайда қалған жемқорлық, кедейліктің жалғасуы, тіршілік балансының ақырындап босауы.

Қай жолды таңдайтынымыз – өзіміздің қолымызда. Бірақ бізге жерлің, судың тазалығын мирас қалдырған ата-бабамызды еске алып, олардың құрметіне біз дежалғасатырушы ұрпаққа осы дүниедегі сұлулықты сақтап қалғанымыз жөн болар. Сол себептен қазірден бастап, сол “бақытты” жолға түсіретін еңбекке бас салайық.

 

Қосылу:

Twitter

Facebook

Оригинал:

Қазақ жастарының 2015 жылдан кейінгі Әлемі