Қазіргі қазақ жастары патриот емес дегенді аға апаларымыздан жиі естіп қалып жатамыз. Әрине бес саусақ бірдей емес , бірақ қазіргі заманның қазақ жастарында патриот сезімі бар,баршылық деп айта аламын және көріпте жүрмін.Қазіргі қазақ жастары патриот, бұл азаматтар отаның мылтықпен қорғамасада ақыл ойымен қорғайдыӨз Отаныңды өзің қорғамасан басқа біреу келіп сенің шекаранды күзетпейдіғой. Бірақ осы тыныштық заманның өзіңде Патриотизмді насихаттай алуымыз керек.мылтықсыз майданның өзіңде талай қазақ баласы алдыға суырылып шығып жатыр соның өзі біз үшін сіз үшін үлкен дәлел емеспе!Патриот жастар баршылық Аллаға шүкір!Қазақ жастары патриот емес дегенге мүлдем келіспеймін, қазір еліміз аман, заманымыз тыныш лайым солай болғай!
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!!» демеді емеспе Мағжан атамыз сол кездің өзіңде.Йә париот жастарды тәрбиелейтің аға буын және сол елдің халқы екені мәлім.Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай жүрсе артқы дөңгелегіде солай жүреді емеспе.Жас буын аға буынға қарап бой түзейді, ой түзейді!Қысқасы қазақ жастары намысты қолдан бермейтің нағыз патриот жастар екеніңе күмәнім жоқ !
Ербелен жолдар, ең биiк құздар,
Кездесер талай жолында.
Алысқа самға, адасып қалма,
Қайнаған өмiр бағында.
Жасыма көңiл, арманға толы
Тағдырын сенiң қолында!
Қызарып шоқтай, қалмағын сөнiп,
Алаулап оттай жалында!
Рухын қайтып, кетпегiн ез боп,
Намысың болсын демеушi,
Шағылып тауын,шегiнбе кейiн
Бiр Алла сенi жебеушi.
Көңiлi таза, мiнезi жайсан
Әлемнiң ерке дарасы,
Адалдық туын көтергiң тiктеп,
Қазақтын қайсар баласы.
Бабадан калған, аманат саған,
Кең байтақ қазақ даласы!
Қазақ жастары патриот емес дегенмен сіз келісезбе, осы туралы ойыныз қалай?
авторы: Мейрамбек Ермуханбетулы