Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады.Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды.
Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған - әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау. Мәселен,Қазақстанның археологиялық олжалары өткен заман зергерлерінің асқан шеберліктерін паш етеді.
Мәтінді оқыған: Шамшаддин Омар
Режиссер: Еділ Шыңғыс
Редакторлар: Махаббат Нұрымбетқызы, Қазына Әбдіғапбар
Бейнеператор: Ұлан Дүйсенбай, Талғат Жанбота
Продюсер: Ғазиза Ұзақ
"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" бағдарламасын 13 қыркүйекте, сағат 22:20-да СТВ арнасынан тамашалай аласыздар. Қайталауы: Жексенбі, 15 қыркүйек сағат 19:00-да; дүйсенбі, 16 қыркүйек 22:20-да.
Мұрағат: stv-online.kz
Сөз соңында!
Эфир уақыты өзгертілді!
Қадірлі көрермен! Келесі аптадан бастап "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" бағдарламасы эфирге екі мәрте сейсенбі және жұма күндері, сағат 21:00-де шығатын болады.
Суреттер: zhastar-bro.kz, massaget.kz