Қазақ халқының бала туралы көзқарастары

Қазақ халқының бала туралы көзқарастары
жеке
блог

Бала тәрбиесіне ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ назар аударып, көп көңіл бөлген. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, елдің басты құндылығы ол өскелең ұрпақ. Ұрпақ мемлекеттің іргетасы. Әрбір отбасы ол бір мемлекет. Отбасы – әр адам үшін сүйіспеншілік пен махаббатқа толы мекен. Отбасында дарығын тәрбие, өз елімізге деген сүйіспеншілік, ар-намыс қағидалары адам баласын өмір бойы алға сүйрейтін қағидалар. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше, себебі баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, баланың алғаш қалыптасуы тікелей ата-анаға байланысты. Ата-ананың мейірімі мен шапағатына бөленген нәресте алдағы уақытта да өмірге деген жағымды көзқарасының қалыптасуымен ерекшеленеді. «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» [47] демекші, халқымыз ұл баланың да, қыз баланың да тәлім-тәрбие алуына ерекше көңіл бөлген. «Тәрбие тал бесіктен» халқымыз баланы туылмай тұрып-ақ оған үлкен махаббат пен қамқорлық көрсететінін байқаймыз, мысалы жүкті әйелді ата-бабамыз қараңғы түскенде далаға шығармаған, олардың сенімі бойынша түнде «қара күштер» көп, сол себепті жүкті әйелді барынша сақтандыру үшін оны шығармауға тырысқан. Сонымен қатар, халқымыз аяғы ауыр анаға арнап мал байлайды, айы-күні жетіп нәресте дүниеге келгенде арнайы байланған малды сояды. Босанған анаға осы малдың етінен ас әзірлейді. Бұл дәстүр қалжа жегізу деп аталады. Жас босанған ананың күш-қуаты азайған болады, сол бойындағы дәрумендерді қалыптастыру мақсатында қалжа жегізеді. Қалжа – бөбектің ширақ, мықты болып өсуіне ықпал етеді. Қалжа жеген ананың сүті де мол болады деп сенеді. Ата-бабамыз баланың туылған сәтінен бастап ұлан асыр той жасайды, туған-туыстың басын қосып, нәрестенің дүниеге келу құрметіне «Шілдехана» жасайды. Халқымыз ежелден баланың тәрбиесіне көңіл бөлген, Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Ұлды ұлша тәрбиелесең – ұл болады, құлша тәрбиелесең – құл болады» дегендей. Тәрбие – адамның осы әлемге деген көзқарасы мен адам болып қалыптасуының басты нысаны [48]. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бабының 2 тармағына сәйкес: Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті болып табылады [49].

«Дәулет те, балалар да дүние тіршілігінің зейнеттері», Кәһф сүресі, 46-аят. Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, «Қасымның қасқа жолы» (1511-1518), «Есімнің ескі жолы» (1598-1628), Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» (1680-1718) сияқты көрнекі заңдардың өзі қағазға түспеген.

Ата заңды аттаған азғындарды «Етегін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Ата-бабамыз бала тәрбиелей отырып артына із, өшпес мұра қалдырған. Ата-анасының алдында баланың өз міндеттері бар. «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар өздерінің ата-аналарына қамқорлық жасап, оларға көмек көрсетуге міндетті» делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында.

Қазақ халқының салт-дәстүрінде ата-аналарын қадірлеу, үлкенді сыйлау, ізет жасау керектігін, яғни балалардың ата-анасына деген сүйіспеншілігін заңның мәжбүрлеуінсіз-ақ тәрбиелеу арқылы іске асыруға болады.

Қазақ отбасы тәрбиесінің бастау көзі ырым тиымнан басталады. Әрбір қазақ отбасы дүние есігін ашқаннан бұл фәниден көшкенге дейін өміріне мағына беру үшін сантүрлі салттары мен ырым тиымдарды орындаған. Бүгінгі таңда біз бұл ырым-тиымдарды қолданамыз, көреміз. Қазақ халқындағы көптеген салт-дәстүрлер, ырым-тиымдар мен аңыз-әңгімелер жалпы ислам дінімен сабақтасып жатыр. Ырым-тиымдар мен киелі ұғымдарға қатысты аңыз-хикаялардың қайнар көзі Құран Кәрім мен Пайғамбарың өмірінен бастау алады. Сонымен қатар, біздің заманымызға дейінгі жеткен ырымдардың көпшілігі біздің бұрыннан бері қазақ халқының ұстанған тәңіршілік, шамандық сияқты наным сенмідердің де ізі бар. Осы ырмдар мен нанымдар Құранның жекелеген сүрелерінде де баяндалады. Иман Сарқаси Қарқаси қазырет шариғатқа қарсы келмеген әдет және ғұрыппен бекітілген нәрсе шариғатпен бекітілгенмен тең болады деген. Мысалы ислам теолагтарының айтуынша, егер әдет-ғұрып шариғатқа қайша келмесе оған ислам тиым салмайды деп айтады. Қазақ халқының жалпы салт дәстүрі назар аударып қарасақ бір ғана баланың дүниеге келуінен бастап көптеген салттар, жөн-жоралғылар, әдет-ғұрыптар мен ырым-тиымдар бар, тіпті ғұрыптар бала дүниеге келмей тұрып басталады. Балаларға байланысты ырым-тиымдардың көбі әдетте көз тию, тіл тию сияқты сенімдерге байланысты болып келеді. Қазақта жаңа туған нәресте қатайғанша оны көпшілікке көрсете бермейтін болған. Сол арқылы тіл көзден сақтауға тырысып отырған. Сәбиге көз тимес үшін оған күйе жағатын болған, ол дәстүр әлі күнге дейін бар. Исламда да мысалы, Пайғамбарда өз немерелеріне көз тимесін деп, арнайы дұға оқып, ұшықтап отырған. Бұл дәстүрлердің барлығы: ұшықтау т.б іс-әрекеттердің, жоралғылардың нақты ислам дінікі болмағанымен де Құран сүрелерімен ұшықтамаған күнде де, жалпы мән-мағынасы бір бірімен астасып жатыр. Ислам діні бұл  халықтың ниетіне қатты тиым салмайды. Әсіресе, Әбу Ханифа мазхабы қазақ халқының жалпы кез келген халықтың әдет-ғұрпының, дәстүрінің шариғатқа қайшы келмейтіндеріне қатты тиым салмаған. Қазақ халқында жас ананың күтіміне байланысты ырым тиымдарды қатаң сақтаған, оны үй үлкендері қадағалап отырған. Осыған байланысты, ең негізгі тиымдардың бірі бала емізуге қатысты болған, әйел бала емізгенде жалаңбас отырмаған, қазақ ырымында шайтан әйелдің шашының кірін бала еметін сүтке араластырып жібереді деп сенген, осыдан баланың жаны кірленіп, оның бойына жамандықұялайды деп сенген, ол өскенде мәңгүрт, безбен, тілазар болады деп сенген.Сондықтан, көзі ашық кісілер келіннің шашын жауып отыруына аса қатты мән беріп отырған. Бұл жерде де нақты исламдық шариғатта жазылған сөз бомаса да осындай ұғыммен түсіндіру арқылы үлкен тәрбие мен тиымды сақтауды халық дәстүрге айналдырған. Тағы бір дәстүр ол сәбиге есім қою, осыған байланысты қазақ халқының өзіндік қағидалары болған. Мысалы қазақ отбасында туған балалар шетінеп қайтыс бола беретін болса күшік итбай малай секілді қолайсыз есімдер берген. Кейіннен тұрсын, өтеген, аман, алмас, тұрар деген аттарды ырымдап қойған. Баланың өмірі ұзақ болсын деген ниетпен айтқанда халықтың сенімі шын көңілден, ақ ниеттен тұратындығын көрсетеді. Қазақ халқының балаға есім берудегі ниеті балаға деген үлкен үміт артатыны, сонымен қатар діни наным-сенімдері баланың болашықта үлкен қари болса, кәусардай таза болса, Мұхаммед пайғамбардай үлгі ұтатын азамат болса деген ақ ниетпен есім берген. Қазақ халқында жаңа туған байланысты дәстүрді айтсақ ол бесікке салу бесікке бөлеу ерекше сақталған. Бесік бұл сокралды өте бір қасиетті зат ретінде бағалаған, сондықтан бесікті отқа жақпа, аяқ асты етпе деген ырымдар әлі күнге дейін сақталып келеді. Сонымен қоса, қазақ халқында бос бесікті тербетпе деген қатаң сақталатын тиымы болған ол әлі де бар, себебі бос тұрған бесікке ібіліс баласын салып қоятын болған деп есептеген. Бос бесікті тербеткенде шайтанның баласын тербеткенмен бірдей деп есептейді. Бос бесікті тербетпе дегені ол бос бесікте ібілістің баласы жасырынып жатады дейді, сонда сәбиді бөлегенде сәбидің мазасын алып, сондықтан бала тынымсызданып ауырып тағыда мазасы кетеді дейді. Баланы бесікке бөлер алдында отпен аластау да, адыраспанмен тағыда және аршамен аластаған жөн деген дәстүрлер қалыптасқан. Дәстүрлі той қатарына тұсау кесер дәстүрін жатқызамыз. Тұсау кесер дәстүріне ала жіп арнайы дайындалады. Ол үлкен діни, философиялық мәнге ие. Ала жіп аттамасын, біреудің дүниесіне көз түспесін, ұрлық қылмасын, қиянат жасамасын деген ниетпен дайындаған. Бұл тілектердің барлығы ислам дінінің иман шарттарымен астасып жатыр. Оны біз иман шарттарының бірі басқаны сыйла,өтірік айтпа, ұрлық жасама деген негізгі принциптері қазақ дәстүрінде кішкентай бала аяғын тәй-тәй басқаннан иман шарттарны баланың бойына сіңіруді дәстүр қылған.

Дәстүрге айналған ырымдарға келсек, біріншіден әрбір ырым-тиымдар тек дінге қатысты емес, олар сонымен қатар, ғылымға, медицинаға да қатысты болған. Екіншіден шариғатқа қайшы келетін тәңірліктегі сенімнен қалған ырым-тиымдардың көпшілігінің ғұрыптық яғни ритуалдық жағы ғана бұрынғыша сақталып, сенімі жағы, мазмұны мүлде өзгеріп кетті. Қазір бірқатар ырымдардың негізінде көне тәңідің ізі бар екендігін ешкім жоққа шығармайды, бірақ қазір мұндай ырымдарды ежелгі түсініктерді негіздеп жасамайды. Мысалы, ақбосағаны аттап отқа май құйып жатқан келідер, отқа табынып жасамайды, отқа ешқандай тілек айтылмайды, керісінше, Алладан отты отбасында көбейтейін, түтінін тұтатайын, аман-есен жүріп тұруыма көмектес деп үлкен әжелер келіннің маңдайынан сүйіп батасын беріп отырған. Қазақ халқындағы шырағың сөнбесін, отың өшпесін деген игі тілектің қайырын жалпы Алладан тілеп, отқа май құю дәстүрге айналған. Біздің тәңіршілдіктен кірген наным исламдық сенімге айналған синкретизмде дамуын байқаймыз. Көптеген ырымдар заман ағымында қалып, ұмыт болып, архаизмге айналып бара жатыр. Ал жағымды ырым тиымдар ұлт дүниетанымының ажырамас бөлігі ретінде өмір сүруде, ол әлі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп оны жалғастырып отырамыз. Соның бірі келіннің сәлем беру дәстүрі,әулиелерге зират ету, соңғы кезде  өкінішке орай радикалды ағым өкілдері бұл дәстүрлерді Аллаға серік қосумен тең, ширк деп айып таққаны белгілі. Бірақ бұл қазақ салт-дәстүрлерінің ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие болып табылады. Келін сәлем салса бұл үлкендерге деген сый-құрметін көрсетсе, қабірге зират ету бұл аруақтарға құрмет көрсету. Бұл дәстүр ретінде қазақ халқында қалыптасқан дәстүр. Әруақтарға құран бағыштау ислам дініде тиым салмайтыны белгілі, әрбір мұсылман тілек сұрап, дұға етіп, өмірден кеткен туғандарына бағыштайды.

Қазақ халқы қаншалықты тәңіршілдікте болды десек, ол тәңіршілдік дүниетанымы исламдық дүниетанымға қайшы келмеді. Біздің амандасуды айтатын болсақ, қазақ халқы сәлемдесуді сөз анасы деп санаған, нағыз мұсылманша амандасудың үлгісі жалпы бұрыннан бері қалыптасқан. Ислам дінінің келуін 6-8 ғасырлар деп қарастыратын болсақ. Егер адам бір-бірімен кездескенде оң қолын жүрегіне қойып Ассалаумағалейкум деп қос қолымен амандасқан, сізге Құайдың сәлемі болсын, тыныштығы болсын деген мағынада қолданады. Жастар үлкенге амандасу керек. Егер бір адам көпшілікке кірсе онда ол адам көпшілікке амандасу керек.

Қазақстанда ислам діні ұлттық дәстүр ғұрып арқылы сақталды, ислам діні қазақстанда 13 ғасыр бұрын енген, осы енгендегі біздің дін мен дәстүріміздің бірігіп кетуі біздің дінидүниетанымымыздың қалыптасуына толық негіз бар.

Ғарифолла Есім «Дін өркениеті» деген мақаласында Қазақ этносының бүгінгі тұрмысын және болашағын исламнан тыс қарастыру мүмкін емес дейді. Ислам діні онымен бірге енген ислам мәдениеті дүниетанымы тіптен фәлсафасы біздің әдет ғұрпымызға, ұлттық ойлау жүемізге, дүниетанымызға молынан сіңген. Сондықтан қазақтардың діни жүйесін бірін бірі ауыстыратын типтер деп қарастыруға болмайды, яғни діни жүйелер тарихи кезеңдерде бір бірімен синкретизмде пайда болды. Оған Ғабитовтың да ойлары дәлел келтіріледі оған тәңіршілдік пен аруақтарға құрмет мұсылмандықпен жан-жақты мәдени құрылыс болып кетті. Ғалымдардың ойын тұжырымдай келе, біз қазақ халқындағы дін мен дәстүрдің бір бірімен сұхбаттаса, үйлесе дамағандығы туралы толық айта аламыз. Себебі, қазақ халқы ғасырлар өзінің тілін, дінін, мәдениетін жоғалтпай осы діннің арқасында бір біріне деген сүйіспеншілігін, бірлігін, ұлттық дәстүрін сақтап келеді.

Халқымыз қыз бала тәрбиесіне де көп көңіл бөлген, себебі қыз ол болашақ ана, халықтың айнасы. «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баласының жасауға болмайтын ұстанымдары туралы айтылады. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» демекші, қыз баласы халқымыз үшін ең қадірлісі. Мұхтар Әуезов «Қыздарыңа үлгі болыңдар, өздеріңнің кемшіліктеріңді түзеңдер, оның көзінше дұрыс жүріп тұрыңдар. Келіндеріңе қомқор, жарларыңа сыйластықты, аналарыңа ізетті болыңдар» [48] - деп болашық ұрпаққа ізгі ниет қалдырған. Халқымыз қыз баласын сыйлап оны әрқашанда төрге шығарады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт келеді деп есептейді. «Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Ерді ер қылатын да, жер қылатын да әйел» бұл дегеніміз өміріміздің сәні мен мәні қыздар қауымы.

Халқымыз баланы әрқашанда тура жолға, дұрыс жолға бағыттап тәрбиелейді. Салт-жоралар мен ырым-тыйымдардың көпшілігі үлкен моральдық құндылықтарға ие десекте болады. Бала қандай отбасында дүниеге келсе оның сенімі мен ұстанымдары сол отбасының ұстанымдарымен байланысты болып табылады. Діни тәрбиеге байланысты балаға еркіндік берілмейді, ол өз отбасында қандай діни ұстанымды ұстанса сол ұстаным бойынша тәрбиеленеді. Бүгінгі таңда да балаларда діни сенім таңдауы жоқ. Олар тікелей ата-ана таңдауында. Бірақ ата-аналар балаларына жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндігі жеткенше тәлім-тәрбие беріп, қалғанын оның өз құзырына қалдырулары тиіс деп есептеймін. Қазақстан Республикасының Заңнамасының 18 бабына сәйкес: Әр адам ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, наным-сенімін жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде, немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды. Сонымен қатар 19 бапқа сәйкес: Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды [50]. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Әр мемлекет азаматына ар-ождан бостандығы берілген. Ешбір дінге басымдылық берілмейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1        Момышұлы Б. Ұшқан ұя романы, 2013.

2        Қазақстан Республикасының Конституциясы Электронный ресурс URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K95000100 

3        Қазақстан Республикасының Заңнамасы Электронный ресурс URL: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P020001378_#z1

 

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университеті» Коммерциялық емес

Акционерлік Қоғамы

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Ғылыми жетекші: Өмірбекова Әлия Өмірбекқызы

Магистрант: Оралқұл Әли Саинұлы

https://www.kaznu.kz/kz